Page 222 - index
P. 222

21-жұмыс

Тақырыбы: Талдаушы және қайыра шағылыстыру.

Мақсаты: Шағылыстыруда белгілердің тұқым қуалауымен та-

нысу.

Құрал-жабдықтар: Бірінші ұрпақ буданның 5-10 өсімдіктерін

аталығынан айыру онан соң екінші ұрпақта алынған өсімдіктердің

бойы және дәні бойынша талдау.

Кестеге енгізу.

Тапсырмалар:

1. Қайыра және талдаушы шағылыстырулар жүргізу.

2. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауына талдау жасап, белгі-

лердің фенотип бойынша ажырауын есептеп бірінші ұрпақтың гете-

розиготалы екенін дәлелдеу.

Тапсырмаларды орындау

Қайыра шағылыстыру деп бірінші ұрпақтың буданын Аа гомо-

зиготалы (доминантты, рецессивті) аталық, аналық формалары-

мен шағылыстыруды айтады. Генетикалық анализ үшін осы екі

шағылыстырудың маңызы әртүрлі.

Буданның гетерозиготалы (Аа) бірінші ұрпағын, доминантты

гомозиготалы (АА) аралық формасымен қайыра шағылыстырған

кезде, екінші ұрпақта (Ғ2) белгілердің фенотипі бойнша ажырауы
байқалмайды, себебі аталық өсімдіктердің барлық гаметасында до-

минантты аллель (А) болады. Генотипі бойынша 2АА : 2Аа немесе

1:1 қатынасында болады.

3-үлгі

        аласа     аласа

       Р Ғ1 ♀ Аа х ♂ АА фенотипі
                                   генотипі

♀♂ гаметалар А а             АА

         Ғқ АА АА Аа Аа генетипі 2АА:2Аа; 1:1
       аласа аласа аласа аласа фенотипі бойынша ажырау байқал-

майды.

Анализдеуші шағылыстыру.

Анализдеуші шағылыстыру деп бірінші ұрпақтың буданын (Аа)

рецессивті гомозиготалы аталық формасымен шағылыстыруды ай-

тады. Бұл шағылыстырудың генетикалық маңызы үлкен. Буданның

гетерозиготалы (Аа) бірінші ұрпағын, рецессивті гомозиготалы (аа)

аталық формасымен шағылыстырғанда, екінші ұрпақта белгілер

фенотипі және генотипі бойынша 1Аа:1аа қатынасында ажырайды.

                                222

⇐ МАЗМҰНЫ
   217   218   219   220   221   222   223   224   225   226   227