Page 227 - index
P. 227

23-жұмыс

    Тақырыбы: Аллельді емес гендердің өзара әсері кезіндегі
тұқым қуалау.

    Мақсаты: Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу типтері.
Комплементарлық, зпистаз және полимериялық гендердің өзара
әсері кезінде белгілердің тұқым қуалау сипатымен таныстыру.

    Құрал-жабдықтар:
    10 аналық, 10 аталық өсімдіктер.
    Ғ1 –20; Ғ2 –80-100 өсімдіктер.
    Арпа, асбұршақ, жүгері, асқабақ, т.б.
    Тапсырмалар:
    1. Шағылыстыруға арналған аталық және аналық формалардың
белгілерін зерттеу.
    2. Белгілердің Ғ2 ұрпақта ажырау ерекшеліктеріне талдау жүргізу.
    3. Тәжірибеден алынған нәтижелерді кестеге енгізу.

    Тапсырмаларды орындау
    Тірі организмде көпшілік гендердің әртүрлі аллельдері бір уа-
қытта жұмыс істейді, олар әртүрлі жұп хромосомаларда орнала-
сады. Егер бірнеше ген организмнің бір қасиетін (мысалы, гүлінің
бояуын, жүннің ұзындығын, бидай масағының ұзындығын, т.б.)
анықтайтын болса, ондай гендер өзара әрекеттесуі биохимиялық
реакция деңгейінде немесе ферменттер деңгейінде болуы мүмкін.
    Бұл организмдердің фенотипінің қалыптасуына әсерін тигізбей
қоймайды. Осы құбылысқа байланысты аллельді емес гендердің Ғ2
ұрықта ажырауы Мендельдің 3-заңына сәйкес болмай, басқа сан қа-
тынасында ажырауы мүмкін.
    Гендердің өзара әрекеттесуінің: комплементарлық, эпистаз, поли-
мерия сияқты негізгі типі бар.
    Комплементарлық жағдайда, доминантты комплементарлық ген-
дер генотипте бірге болса (А-В-), олар бір-бірін толықтыра отырып,
жаңа белгінің (жаңа түзіліс) дамуын қамтамасыз етеді, ал ол гендер
генотипте жеке болса (А-вв және ааВ-) онда мұндай жаңа белгі
пайда түзілмейді. Сонымен комплементарлық деп өздері генотипте
бірге болған кезде жаңа белгілерінің дамуын қамтамасыз ететін
доминантты гендерді айтады. Гендердің комплементарлық әсерін,
жүгерінің, асқабақтың, асбұршақтың, бидай, арпаның буданында
зерттеуге болады. Осы құбылыста белгілердің Ғ2 ұрпақта ажырауы

           227

⇐ МАЗМҰНЫ
   222   223   224   225   226   227   228   229   230   231   232