Page 224 - index
P. 224

22-жұмыс

    Тақырыбы: Дигибридті шағылыстыру кезіндегі белгілер-
дің тұқым қуалауы.

    Мақсаты: Дигибридті шағылыстыру кезіндегі белгілердің тұ-
қым қуалауының негізгі заңдылықтарымен таныстыру.

    Құрал-жабдықтар: Бидайдың сорттары.
    Тапсырмалар:
    1. Екі жұп белгілері алынған аталық және аналық өсімдіктерді
зерттеу.
    2. Бірінші ұрпақ буданының фенотипін, Ғ2 ұрпақтағы белгілердің
ажырауын талдау.
    3. Пеннет торын сызып, оған тәжірибеде алынған нәтижелерді
жазу.
    4. Алынған нәтиже теориялық күтілуге дәл екенін Хи-квадрат
тәсілі бойынша анықтау.

    Тапсырмаларды орындау
    Дигибридті шағылыстыру деп баламалы (қарама-қарсы) 2 жұп
белгі бойынша ерекшеленетін ата-аналық формаларды шағылыс-
тыруды айтады. Дигибридті шағылыстыру – баламалы көп жұп тә-
уелсіз тұқым қуалайтын белгілері бойынша айқындалатын поли-
гибридті шағылыстырудың қарапайым түрі.
    Дигибридті шағылыстыру кезінде белгілердің жеке жұптары
(биік, аласа; дәні қызыл, сары) тұқым қуалау жөнінде біріне-бірі
тәуелсіз жүреді және мүмкін болатын барлық комбинацияларда өза-
ра еркін үйлеседі де, комбинативті өзгергіштік байқалады.
    Шағылыстыру кезінде жұп белгілер тәуелсіз тұқым қуалайды
немесе белгілер жұбы еркін комбинацияланады. Бұл Мендельдің
үшінші заңы деп аталады. Бұл заңның цитологиялық негізгі жыныс
гаметаларының түзілу кезінде де мейоздық бөлінудің – анафаза-
сында хромосомалардың сіңлілі клеткаға кездейсоқ ажырауында. Бұл
құбылыстың селекция үшін үлкен маңызы бар, себебі шағылысты-
ру үдерісінде, ата-анасынан өзгеше, ауыл шаруашылығына пайдалы,
құнды белгілері бар будан алуға болады.
    Дигибридті шағылыстыру кезінде, буданның бірінші ұрпағында
ата-анасының екі белгісі ғана басым болады. Егер бірінші ұрпақ
будандары өздігінен тозаңданса, онда екінші ұрпағында ата-аналық
екеуінде және жаңа белгілері бар формалар пайда болады. Екінші

           224

⇐ МАЗМҰНЫ
   219   220   221   222   223   224   225   226   227   228   229