Page 219 - index
P. 219

20-жұмыс

    Тақырыбы: Моногибридті шағылыстыруда белгілердің бірін-
ші ұрпақта Ғ1 және екінші ұрпақта Ғ2 тұқым қуалауын талдау.

    Мақсаты: 1. Моногибридті шағылыстыру кезінде белгілердің тұ-
қым қуалау заңдылықтарымен таныстыру.

    Құрал-жабдықтар:
    1. 5 аналық, 5 аталық өсімдіктер.
    2. Ғ1 –10, Ғ2 –30-40 өсімдік.
    3. Бидай, асбұршақ, жүгері және арпаның тұқымдары.
    Тапсырмалар:
    1. Буданмен жұмыс істегенде негізгі терминдерді түсіндіру.
    2. Аналық және аталық өсімдіктерді алынған белгілері бойынша
зерттеу.
    Бірінші ұрпақтың буданын анализдеп, доминантты және рецес-
сивті белгілерді анықтау.
    Екінші ұрпақтың өсімдіктерін анализдеп, зерттеуге алынған бел-
гілердің ажырау заңдылықтарын дәлелдеу.
    Х2 тәсілін пайдалана отырып, тәжірибеде алынған мәлімет пен
теориялық болжау бойынша алынатын мәліметтің дәлдігін анықтау.

    Тапсырмаларға түсініктеме:
    Моногибридті шағылыстыру деп баламалық (қарама-қарсы) жұп
белгі бойынша ерекшеленетін ата-аналық формаларды шағылыс-
тыруды айтады. Басқа белгілері есепке алынбайды. Мысалы, Г. Мен-
дельдің тәжірибесінде бұршақ өсімдігінің аталық гүлі сары, ал ана-
лық өсімдігі – ақ немесе керісінше, болуы тиіс.
    Будандастырудың бірінші ұрпағында ата-анасы біреуінің ғана
белгісінің басым болуын Г. Мендель доминанттық (басым болу)
деп атады. Буданда екінші баламалы белгіні тұншықтырушы белгіні
доминантты деп, ал тұншыққан белгіні рецессивті деп атады.
    Бірінші ұрпақта будан бірдей болатындықтан, бұл Мендельдің
бірінші заңы немесе бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы
деп аталатын болады.
    Егер бірінші ұрпақ будандары өздігінен тозаңданса, онда екінші
ұрпағында ата-аналық белгілер пайда болады.
    Екінші ұрпақты будандардың доминанттық пен рецессивті бел-
гілердің белгілі бір сандық қатынас түрінде ажырауы, ажырау заңы
немесе Мендельдің екінші заңы деп атайды. Белгілер фенотип

           219

⇐ МАЗМҰНЫ
   214   215   216   217   218   219   220   221   222   223   224