Page 217 - index
P. 217

33-сурет

    Шағылыстыру техникасы. Шағылыстыру жұмысы 3 бөлімнен
тұрады.

    а) гүл шоғын шағылыстыруға дайындау; ә) аталығынан айыру;
б) тозаңдандыру. Бұл үш кезеңді жүргізу өсімдіктердің өзіне тән
гүлдеу биологиясына, гүлдену мерзімдеріне сәйкес жүргізіледі. Ша-
ғылыстыруға өсімдіктер ішінен жақсы дамыған гүлі жетілген ма-
сақтарды таңдап алады. Осымен қатар кейбір дақылдарда (бидай)
жетілмеген гүл шоғырын, мұртшасын, т.б. кесіп тастайды. Гүл шо-
ғырындағы аталықты өсіп жетілмеген кезде, аналықтың аузуын жа-
рақаттамай алу керек. Ескертетін жай, ашық, ыстық күндерде бұл
операцияны ертемен немесе кешкі уақытта орындаған жөн, себебі
күн сәулесі оның тозаң клеткасына әсер етуі мүмкін. Аталығы
алынған өсімдікке изолятор кигізеді де, сол изоляторға дақылдың
түрі (сорты), аталығын алған күні, гүлдің саны, студенттің аты,
әкесінің аты жазылады. Мысалға бидайдың масағы.

                      

           34-cурет

    Қолдан тозаңдандыру: Аталығы алынған өсімдіктердің аналы-
ғын пісіп-жетілген уақытта шағылыстыруға дайындалған басқа
өсімдіктің аталық тозаңымен тозаңдандырады. Бұл жұмысты егіл-
ген өсімдіктердің аталығы түгелдей гүлдеген кезде жүргізілген
ұтымды. Қазіргі кезде, тозаңдану үдерісін өте оңай жолмен жүргі-
зеді. Ол үшін аталығы пісіп-жетілген өсімдіктің масағын алып, гүл
жапырақшаларының үстінен қайшымен кесіп, пісіп-жетілмеген ата-
лығы бар гүлдерінен айырып, күнге 1-2 сағат қойып, аталық кесілген
гүл шоғырынан шыға бастаған кезде, изолятордың жоғарғы жағын
ашып, аталық масақты салып, масақты қозғау арқылы тозаңдарын

           217

⇐ МАЗМҰНЫ
   212   213   214   215   216   217   218   219   220   221   222