Page 155 - indexf
P. 155

9.4. Ашық жүйелердің әрекеттесу (АЖӘ) үлгісі

    Қазіргі кезде коммуникация үрдістерінде байланыстардың қуат-
ты құралдары қолданылады және қолданушылардың арасында көп-
теген стандарттар сәйкес келмегендіктен өзара келіспеушіліктер
туады. Халықаралық стандарттау ұйымы (International Organization
for Standardization – ISO) ашық жүйелердің әрекеттесуінің (АЖӘ)
эталондық үлгісін өңдеді. АЖӘ эталондық үлгісі, коммуникаци-
онды үрдістің әртүрлі құраушыларын ұқсастыру және жіктеу үшін
құрылымды ұсынады. АЖӘ базалы сұлбалармен сәйкес өңделген
қосымша жүздеген стандарттары бар. АЖӘ үлгісі нақты бір салаға
жатпайды, ол тек коммуникацияны абстрактты түсінікте бейнелей-
ді. АЖӘ жүйенің үйлесімділігіне жету үшін қолданылатын қажет-
ті хаттамалардың немесе беріліс жылдамдығын, кернеу деңгейін
анықтамайды. Керісінше, АЖӘ хаттамалардың, жылдамдықтары
және кернеу деңгейлерінің, сонымен қатар басқа да көптеген
параметрлердің келісілгендігін мәлімдейді. АЖӘ үлгісінің тәжіри-
белік мақсаты ауыспалылықты және үйлесілімділікті қамтамасыз
ету болып табылады.

    Үйлесімділік дегеніміз ол – мәліметтердің алмасуы, олардың
түрленуіне пропорционалды емес шығындардың талап етуін білді-
реді. Ауыспалылық бір функцияны орындауға арналған, әртүрлі
өндірушілермен шығарылатын құрылғылар, жұмыстары бірдей
принцип және ереже бойынша негізделген жағдайда ешқандай
қиындықсыз бір-бірімен алмастыра алуын білдіреді.

    АЖӘ – бұл коммуникация үрдісінің тұжырымдамалық үлгісі,
осыған сәйкес үрдіс бірнеше функционалдық деңгейлерге бөл-
шектенеді. Мұнда әрбір функционалды деңгей, деңгейі бойынша
жоғарыда немесе төменде орналасқан көршілерімен ғана өзара
әрекеттеседі. Мұндай нұсқа ауыспалылық және үйлесілімділіктің
нақты деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. АЖӘ үлгісінде
жеті функционалдық деңгей анықталған. Олардың әрбіреуі тек
өзінің көршілерімен ғана тікелей әрекеттеседі: олар төменгі дең-
гейдің қызметін анықтайды және оны жоғарыда орналасқан дең-
гейге жеткізеді. Әртүрлі коммуникациялық желінің бір деңгейінде
орналасқан нысандар біррангілі деп аталады. Біррангілі нысан-
дар өзара бір-бірімен хаттамалар негізінде әрекеттеседі, олар
хабарламаның форматын және оларды жіберу ережесін анықтайды.

⇐ МАЗМҰНЫ  155
   150   151   152   153   154   155   156   157   158   159   160