Page 152 - indexf
P. 152

9-тарау. АБЖ коммуникациялары

    Коммуникация – бұл кеңістікте ақпараттардың таралу үрдісі.
Коммуникацииялар басқару жүйесінде маңызды рөл атқарады. АБЖ
энергетикалы ағынмен қатар ақпаратты ағындары жүретін, әртүрлі
материалдармен жабдықталған элементтерден тұратын жүйелерді
көрсетеді. Мысалы, АБЖ және буындардың күйі туралы ақпарат
датчиктерден орталық процессорға жіберіледі, ал басқарушы сиг-
налдар одан атқарушы механизмдерге жібереді.

    Коммуникация құралдарының көмегімен қашықтықта нысанды
бақылайтын және басқаратын техникалық құралдар және теориясы
туралы ғылым мен техниканың аймағын телемеханика деп атайды.

           9.1. Мәлiметтiң шарасы

Мәлiмет адамның тiршiлiк әрекетiндегі барлық салаларында

жиi қолданылатын ұғымдарының бiрi болып табылады. Мәлiмет –

бұл кез келген нысан, жүйе, үдерістің iшкi қасиетi болып табылған

iргелi шама. Осылайша, кез келген нысан, жүйе, үдеріс өзі жайлы

мәлiметтерге ие болады және сол мәлiметтерді нақтылы техникалық

құралдарды қолдану арқылы кез келген жерге беріп жіберуге болады

немесе басқа нысандарды қолдану арқылы да жіберуге болады. Осы

уақытқа дейiн ақпараттың нақты анықтамасы жоқ. Кибернетиканың

энциклопедиясының келтiрген мәлiметінің анықтауы бойынша бұл

жерде байқайтынымыз, байланыс үдерісінде басқа жүйеге қатынаста

ол тапсырған түрлерiнiң кейбiр мәлiметтерiнiң жиынтығы бар.

Математикалық көзқарас бойынша, ақпарат нысанның әр түрлi

күйін ұсынатын жиындардың реттiлiктi белгісі болып табылады.

Мысалы, 0-ден 9-ға дейінгі сандар он әртүрлi нысандарды көрсетеді.

Басқа жағынан 0-ден 9-ға дейінгі сандарды ретке салғандағы жиыны

10 күйлі нысанның аралығын қабылдай алатынын көруге болады.

Нысанның қабылдай алатын күйлері көбiрек болған сайын, осындай

күйден ақпаратты көбiрек алуға болады.

I (биттерде) мәлiметтiң шарасы мүмкiн болатын N нысан жүйе-

сінің күйіне немесе үдерістің күйлерiне тәуелдi болады және мына

теңдiкпен анықталады.

                       I = log2 N                            (9.1)

⇐ МАЗМҰНЫ              152
   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157