Page 154 - indexf
P. 154

қамтамасыз ететін басқа да құрылғылардан келіп түседі.
    Деректерді берудің негізгі мәселесі берілген уақыт ішінде қа-

жетті хабарламаны аз шуда алу, бұрмалаусыз жеткізу және шудың
әсерінен әлсіреген ақпаратты қабылдап туралау болып келеді.

    Автоматты басқару жүйелерінде А құрылғысы Б құрылғысына
ақпаратты жәй ғана береді немесе А құрылғысы Б құрылғысына
қандай да болсын әрекетті жасауға мәжбүрлейді.

9.3. Коммуникациялық жүйенің есептік сипаттамалары

    Коммуникацияны сынау үшін бірнеше есептік сипаттамалар
қолданылады, оған өткізу қабілеті және өткізу жолы жатады. Өткізу
қабілетінің өлшем бірлігі – бит/с, ол бірлік уақытында байланыс
арнасында беретін ақпараттың санын анықтайды. Байланыстың
физикалық (электрлі, оптикалық, радиоканалды) каналының өткiзу
қабiлетi өткiзу жолағы, сигналдың қуаты және шудың деңгейiне
тәуелдi болады. Өткiзу жолағының өлшем бірлігі (гц) герцпен
беріледі және жиiлiктің ауқымы ретінде анықталады, ол үшін
байланыс каналындағы сигналдардың қуаты 50%-ға құлағанға дейiн
жібере алатын қабiлетi бар болса болды. Сигналдың N деңгейіндегі
W өткiзу жолағының енiне байланысты Vmax электр каналындағы
деректердi максимал беру жылдамдығы Г.Найквисттің (9.3) фор-
муласы бойынша анықталады.

           Vmax = 2W log2 N             (9.3)

    Екiлiк мәлiметтердiң беру кезінде Vmax = 2W .
    Байланысқа әртүрлi (шулар) бөгеттер терiс ықпал етедi. Шу-
ларды есепке алғандағы каналдағы байланыстың максималды өткізу
қабiлеттiлiгi К.Шеннонның (9.3.1) формуласы бойынша анықталады.

           Vmax = W ⋅ log2 (1 + S / R)  (9.3.1)

    (S ) сигнал қуатының орташа деңгейіне (R ) шудың қуатына қа-
тынасын логарифмдiк бiрлiгі (дб) децибел болатын S/R қатынасын
бiлдiреді. Сигналдардың беру жылдамдығы iс жүзiнде әлдеқайда аз
болуы мүмкiн.

⇐ МАЗМҰНЫ  154
   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158   159