Page 153 - indexf
P. 153

Мысалы, егер нысан тек екi жағдайды қабылдай алса: 0, 1. Онда
оның ақпараттық мазмұны ( I = log2 2 = 1) 1-ге тең болады. Бит,
ақпараттық техникада таралған бiрлiк болып келеді.

       9.2. Телемеханикадағы коммуникация үрдісінің үлгісі

    Телемеханика жүйесіндегі коммуникация үрдісінің жалпы үлгісі
9.1-суретте көрсетілген.

              9.1-сурет. Телемеханикалық жүйенің сұлбасы

    Коммуникациялық жүйе (ПП-ХҚ) хабарлағыш (передатчик), қа-
былдағыш және байланыс арнасынан құралған. Қабылдағыш пен
хабарлағышқа ортақ болып келетін тасымалдауышпен немесе бай-
ланыс арнасы бойынша символдардың тізбегінен тұратын хабарла-
маны хабарлағыш қабылдағышқа береді. Хабарлама қандай да бір
сыртқы нысанға (басқару пункті немесе БН) қатысты. Берілетін
ақпараттың жалпы саны, хабарламаны құрайтын символдардың
қосындысы ретінде беріледі. Хабарламаны жіберу үшін қандай
болмасын бір код қолданылады, осыған байланысты хабарлағыш
арнаның кейбір физикалық қасиеттерін өзгертеді, ал қабылдағыш
байланыс арнасынан табылған арнадан хабарламаны қабылдап
оның өзгерісін қалпына келтіреді. Коммуникация үрдісінің арна-
сына шулар, бұрмалаушы хабарламалар әсер етеді және арнадағы
өзгерістерді тануға және хабарламаны дұрыс түсінуге арналған қа-
былдағыштың жұмысын қиындатады.

    Телемеханика жүйесі басқарудың бір пунктінен бірнеше нысан-
дарын басқаруға мүмкіндік береді. Басқару нысанынан көрсетілген
кері хабарламалар датчиктерден және басқарудың кері байланысын

⇐ МАЗМҰНЫ  153
   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158