Page 8 - indexf
P. 8

АЛҒЫ СӨЗ

    Бастапқыдан техника адамның және қоғамның өмір сүрудегі
ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін арналған. Бұл үшін, мысалы,
өндірісте қазіргі заманғы техника тек қана физикалық еңбекті емес,
сонымен қатар ой еңбегін жеңілдетеді және алмастырады, шешім
қабылдап, адамды бір сарынды жұмыстан босатады. Бағдарламалық
басқару арқылы жұмыс істейтін қазіргі заманғы станоктар, роботтар
және адамның басқаруынсыз немесе оның минималды қатысуымен
жұмыс істейтін автоматиканың техникалық құралдары мен аспап-
тары оның мысалы болып табылады. Қазіргі заман техникасына
микроэлектроника құралдарының кеңінен қолданылуы, басқару
функциясының кеңейтілуі және олардың толық жетілдірілуі тән.

    Аспап жасау, ғарыштық техника және дәлдік машина жасаумен
байланысты өндірістік салалар жоғары автоматтандырылған болып
келеді, онда автоматиканың әртүрлі техникалық құралдары кеңінен
пайдаланылады және де басқарудың күрделі үрдістері қолданылады.

    Осыған байланысты «Аспап жасау», «Ғарыштық техника және
технологиялар» мамандығы бойынша бакалаврлар үшін өздерінің
болашақ кәсіби қызметінде автоматика бойынша білім алу керек,
себебі олар болашақта микроэлектроника құралдары көмегімен
басқарылатын техниканы қолданатын, жөндейтін және жасайтын
болады.

    Кейбір оқыту мамандықтарында «Автоматты басқару теориясы»,
«Автоматиканың элементтері және құрылғылары» пәндерінің
жеке курстары бар. Ал «Аспап жасау», «Ғарыштық техника және
технологиялар» мамандықтарында білім стандарттары бойынша
«Автоматика негіздері» пәнін оқу қарастырылған, онда оқыту
жоғарыда көрсетілген пәндердің мазмұнына негізделеді.

    Берілген оқулықтың мақсаты студенттерді басқару жүйесінің
құрылуының негізігі тәсілдерімен және техникалар мен аспаптардың
бір жүйеге бағытталып жұмыс жасауына қажетті автоматиканың
техникалық құралдарымен таныстыру болып табылады.

    Оқулықта меңгеруге қажетті толық көлемді оқу материалдары

⇐ МАЗМҰНЫ  8
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13