Page 11 - indexf
P. 11

Ақпарат үшін төмендегі 1-кестеде автоматиканың даму тари-
хындағы кейбір айтулы күндер мен кезеңдер келтірілген.

1-кесте

Жыл      Автоматиканың даму кезеңінің аты.

1765 И. И. Ползунов бу пешіндегі су деңгейін реттейтін авто-
        матты жүйені ойлап тапты.

1769 Дж. Уатт бу машинасы білігінің айналу жылдамдығын
        басқаруға арналған орталықтан тепкіш реттегішін жасады.

1804 Жаккара перфолентадан жасалған тоқыма станогын
-1808 бағдарламалық басқару жүйесін ұсынды.

1868 Дж. Максвеллдің «Реттегіш жайлы» атты кітабы жарық
        көрді. Бу машинасы реттегішінің математикалық моделі
        жасалды.

1876 И. А. Вышнегородскийдің «Тікелей әсер ететін ретте-
        гіш» туралы жұмысы жарияланды. Реттеудің сапасы мен
        орнықтылығын зерттеу үшін негіз құрылды.

1892 А. М. Ляпунов «Қозғалыс орнықтылығының жалпы
        тапсырмасы» атты жұмысында динамикалық жүйелердің
        орнықтылығы теориясының негізін қалады.

1913 Генри Форд өзінің зауытында алғашқы рет автомобилді
        жинаудың механикаландырылған желісін жасап шығарды.

1927 Американдық инженер Дж. Венсли бірінші «Televox»
        роботын құрастырып шығарды.

1951 Дж. Фон Нейман «Кибернетикалық автоматтың жалпы
        және логикалық теориясы» кітабын жазды.

1952 Массачусеттік технологиялық институтында сандық
        бағдарламалық басқарылатын (СББ) станок жасалынды.

1970 Айнымалы күйдегі моделді қолдану ұсынылды. Оп-
        тималды басқару теориясы жасалып шығарылды.

1980 Робастылық жүйелер зерттелінді.

    Автоматиканың бірнеше анықтамасы бар. Соның ішінде Ресей-
дің энциклопедиялық сөздігінде келтірілген анықтама бойынша
автоматика автоматты жұмыс істейтін құрылғылар мен жүйелер

⇐ МАЗМҰНЫ  11
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16