Page 12 - indexf
P. 12

туралы теориялық және қолданбалы білім аймағы, сонымен қатар
автоматты жұмыс істейтін мехнизмдер мен құрылғылардың жиын-
тығы болып табылады.

    Қазіргі уақытта осы білім облысының қарқынды дамығаны
соншалық, автоматикамен байланысты көптеген ғылыми бағыттар
пайда болды. Мысалы, «Автоматика және автоматтандырылған
өндірістер» (салалар бойынша), «Мехатроника және Роботты
техника», «Ғарыштық техника», «Оптималды басқару теориясы»,
«Адаптивті басқару теориясы» және т.б. ғылыми бағыттарды
келтіруге болады.

    «Автоматика негіздері» пәнінің мақсаты адамның қатысуын-
сыз белгілі бір жүйеге бағытталған функцияларды орындайтын
басқарылатын техникалық жүйелер мен құрылғылардың құрылу
принциптерін меңгерту болып табылады.

    Пәннің мазмұнына автоматты басқару жүйесі құрылымының
сипаттамасы, энергетикалық және ақпараттық ағындардың цирку-
ляциясы әсерінен болған оның құрастырушы бөліктерінің өзара
әсерлесу заңдылықтары, сонымен қатар, автоматика жүйесінің құра-
ма элементтерінің жұмыс істеу принциптері мен құрылғыларының
сипаттамасы кіреді.

⇐ МАЗМҰНЫ  12
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17