Page 9 - indexf
P. 9

қамтылған, соның ішінде дәрісханада және өз бетімен меңгерілетін
материалдар, мысалдар және де өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
бар. Қазіргі таңда көптеген автоматика нысандарын коммуникация
құралдарынсыз елестету мүмкін емес болғандықтан бұл кітапта өз
бетімен коммуникация жүйелерін меңгеруге арналған мәліметтер
бар. Бұдан басқа, автоматикада көп кездесетін шартты белгілеулер
келтірілген.

    Тәжірибе жинау үшін Matlab бағдарламалық өнімінің Simulink
кітапханасын қолданып модельдеудің негізі көрсетілген.

    Бұл кітап «Автоматты басқару теориясы» материалдарын
кең көлемді қамтымайды. Автор ақпаратты өлшеу техникасына
қатысты тарауларды қысқартып берген. Бұл бөлімдерді жекелей
оқыту қарастырылған «Аспап жасау» және «Ғарыштық техника
және технологиялар» мамандықтарының оқыту жоспарларымен
байланысты.

    Кітапты жазу барысында автор өзінің Қ. И. Сәтбаев атында-
ғы ҚазҰТУ-дағы Робототехника және автоматиканың техникалық
құралдары кафедрасында бір аттас курсты оқудағы тәжірибесін,
сонымен қатар мехатроника және робототехника саласындағы
көпжылдық зерттеу нәтижелерін пайдаланды.

    Автор өзінің кейбір мысалдары мен дәріс материалдарын берге-
ні үшін т.ғ.к., доцент А. А. Бейсембаевқа үлкен алғысын білдіреді.

⇐ МАЗМҰНЫ  9
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14