Page 10 - indexf
P. 10

Кіріспе

    Көне заманда адамның қатысуынсыз қандай болмасын қи-
мылдарды орындайтын құрылғылар – автоматтарды жасау
әрекеттері болған және құрылғылар жасалғаны белгілі. Герон
Александрийский өзінің «Пневматика» және «Механика» (б.з.д.
I ғасырда) атты кітаптарында энергия көзі ретінде су, пар, жүктер
қолданатын автоматтың көптеген конструкцияларын бейнелеген.
Леонардо да Винчи бұлшықеттің рөлін әртүрлі механизмдер
мен берілістер орындайтын адам тәріздес автомат жасады. Орта
ғасырларда сағат механизмдерін қолдануға негізделген автомат-
тар жасалынды. Мысалы, швейцариялық сағатшылармен автомат
болып табылатын, ауыспалы жұдырықшалар көмегімен берілетін
бағдарламалар арқылы жұмыс істейтін, адамтәріздес ойыншықтар
жасалынды. Басқару құштарлығы, яғни берілген техникалық
нысандарға берілген функцияларды орындайтындай етіп әсер ету,
адамзатты басқарудың әртүрлі мүмкіндіктері бар жаңа техниканы
жасауға итермеледі. Автоматтармен қатар қозғалыстарды тікелей
басқара алатын және реттейтін құрылғылар пайда бола бастады.
Джеймс Уаттың 1769 жылы жасаған бу машинасы білігінің айналу
жылдамдығын басқаруға арналған орталықтан тепкіш реттегішінің
құрылымы белгілі. 1913 жылы Генри Фордтың зауытында алғашқы
рет автомобильдердің механикаландырылған құрастыру жүйесі
енгізілді. Бұл автоматтандырылған өндірістің бастамасы еді, онда
өндірістік үрдістер және оларды басқару адамның қатысуынсыз
жүзеге асты. Қарапайым автоматтардан бастап қазіргі заманғы ин-
теллектуалды роботтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және икемді
автоматтандырылған өндірістік жүйелер – бұл автоматиканың даму
жолы.

    Қазақстан Республикасында автоматты басқару теориясының
дамуына ф.м.ғ.д. профессор А. К. Бедельбаев, ҚР ҰҒА академигі
А. А. Ашимов, т.ғ.д. профессор С. А. Айсағалиев, т.ғ.д. профессор
Д. Ж. Сыздықов, профессор Г. М. Тохтабаев сияқты белгілі ғалым-
дар өз үлестерін қосты.

⇐ МАЗМҰНЫ  10
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15