Page 13 - indexf
P. 13

І БӨЛІМ.
сызықты Автоматты басқа рутеориясының

                               негіздері

1-тарау. Автоматиканың негізгі түсініктері және
       автоматты басқару теориясына кіріспе

1.1. Автоматиканың негізгі түсініктемелері

    Автоматты басқару теориясында баяндалатын бірқатар ұғым-
дарды енгізейік.

    Автоматиканың негізгі нысаны басқару нысаны (БН) болып
табылады. Басқару нысаны дегеніміз – қойылған мақсатқа жету
үшін арнайы ұйымдастырылған әсерлер қарамағында болатын тех-
никалық құрылғы, қондырғы немесе үрдіс. Мұндай арнайы ұйым-
дастырылған әсерлерді басқару деп атаймыз. Басқару үрдісінде
өзгермей сақталатын немесе мақсатты түрде өзгертілетін БН фи-
зикалық шамаларын басқарылатын шамалар деп атаймыз. Басқару
нысанының күйін өзгертетін факторларды әсерлер деп түсінуге
болады. Олар қоздырушы және басқарушы әсерлерге бөлінеді.
Қоздырушы әсерлер (f) негізінен кездейсоқ сипатқа ие. Мысалы,
қоршаған ортаның температураға, қысымға, ауа жылдамдығына,
электр желісіндегі кернеу тербелісінің БН әсері қоздырушы әсерлер-
ге жатады. Автоматты басқару құрылғысы (ары қарай басқарушы
құрылғы – БҚ деп аталады) басқару нысанына басқару заңдылығы-
на сәйкес басқарушы әсер (g) етеді.

    Басқару нысанына кіретін немесе одан шығатын энергияны,
материал немесе ақпарат жиынтығын, қоздырушы және басқарушы
әсерлерді, сонымен қатар, реттелетін көрсеткіштерді шартты түрде
сигналдар деп атаймыз. Бағытына байланысты басқару нысанына
әсер ететін сигналдар кіріс (u) және шығыс (y) сигналдарға бөліне-
ді. Басқару нысаны үшін қоздырушы және басқарушы әсерлер кіріс
сигнал болады, ал реттелетін көрсеткіштер тіпті физикалық тұрғыдан
олар нысанның сыртына шықпаса да (мысалы, сұйық қоймадағы
сұйықтықтың деңгейі, электр қозғалтқыш орамдарындағы кернеу

⇐ МАЗМҰНЫ  13
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18