Page 344 - index Bapaeva
P. 344

17-кестенің жалғасы

3 Қарттық кезеңі (зейнетке шыққан соң денсаулығының күрделі нашар-
     лауына дейінгі кезең )

4 Денсаулығы күрт нашарлауы жағдайындағы ұзақ өмір сүру
     кезеңі

5 Денсаулығының жағдайы қалыпты күйде ұзақ өмір сүру
     (шамамен 75-80 жастан ары немесе жоғары) кезеңі

    1. Егде тартқан зейнеткерлік алдындағы жас шамасы (зей-
нетке шығуға дейінгі шамамен 55 жастан бастап) – бұл ең
алдымен аялдау, ең жақсы жағдайда – зейнетке шығуға дайындық.
Жалпы алғанда, аталмыш кезең төмендегідей тұрғылармен сипат-
талады.

    1) Дамудың әлеуметтік жағдайы:
    – Зейнетке шығуға дайындалу: кейбір адамдар үшін зейнет-
ке шығу «жылдамырақ демалуға бет алу» бетбұрысы ретінде
қабылданса, әлдекім үшін белсенді еңбек іс-әрекетінің
тоқтатылуы және өз тәжірибесі мен аздаған мөлшерде сақталған
қуатын қайда жұмсарын білмейтін бұлыңғыр болашақ ретінде
елестейді.
    – негізгі қатынастары көбінде әлі де болса өндірістік сипатқа
ие болып, бір жағынан қызметтестері ол адамның жұмыстан
жылдамырақ кетуіне үміт артуы мүмкін (ал адамның өзі оны
сезеді), ал тағы бір жағынан адамды жібергісі келмеуі де мүмкін,
ал оның өзі іштей зейнеткерліктің құрдастарының көбінен
кешірек орын алатынына үміт артуы мүмкін.
    – адам, бір жағынан біршама деңгейде немерелеріне дейін от-
басын қамтамасыз ету жағдайында болса, тағы бір жағынан көп
табыс таба алмай, өзінің «аянышты зейнетақысын» алып, «қажет
болмай қалуын» сезіктенуі мүмкін туысқандарымен қатынастары.
    – Қызметінде өзіне «лайықты мұрагерін» дайындау, тәрбиелеу
ұмтылысы.
    2) Жетекші іс-әрекеті:
    – Үлгермегенін жүзеге асыруға «үлгеріп қалуға» тыры-
су (әсіресе, кәсіби жоспарда), сондай-ақ қызметінде өзі жайлы
«жақсы естеліктер» қалдыруға тырысу.
    – Тәжірибесін ізбасарлары мен шәкірттеріне қалдыруға тыры-

су.

           344

⇐ МАЗМҰНЫ
   339   340   341   342   343   344   345   346   347   348   349