Page 49 - index Bapaeva
P. 49

ә) Тұлға құрылымының дамуы
    Тұлға «Ол» (Ид), «Мен» (Эго), «Жоғары Мен» (Супер
Эго) құрылымдарынан құралады. Тұлға құрылымдарының
әрқайсысының өзіне тән табиғаты, шығу тегі және мазмұны бар.
    Ид немесе Ол – тума әрі тұқымқуалаушылықпен бекітілген.
Бейсаналылық бөлімін анықтайды. Тума әуестіктерді, сондай-
ақ ығыстырылғандарды және иеленгендерді қамтиды. Либи-
до қуатына қанық. Идтен туындайтын Эго және Супер Эгомен
қақтығыста болады.
    Эго немесе Мен – дамудың оральды кезеңінде икемделуші
құрылғы ретінде Идтен туындап, дифференциалданады. Басты
мақсаты Ид пен Супер Эгоның арасында делдал болу, Идтің
талаптарына қарай, Супер Эгоның бұйрықтарын ескере келе,
ақиқаттың талаптарына сай барлығын қанағаттандыру.
    Супер Эго немесе Жоғары Мен – Эдип кешенін жеңудің
нәтижесінде және ата-аналарының талаптары мен тиымдарының
интериоризациялануының негізінде валликалық кезеңде туындай-
ды. Идеалдар, әлеуметтік нормалар, стандарттар, құндылықтар,
ережелер жүйесін қамтиды. Менге қатысты сот және цензор
ретінде анықталады. Адамгершілік тұрғысынан және өзін-өзі
бақылаудың негізінде адамның мінез-құлқы мен белсенділігін
реттеп отырады.
    З. Фрейд өз теориясында Ид пен Супер Эгон құрылымдарына
баса назар аударады. Кейінірек психодинамикалық тұғырда «эго-
психология» бағыты пайда болады. Аталмыш бағыттың өкілдері
Эго құрылымының шығу тегіне, қызметтеріне және даму тарихы-
на басты назар аударады.
    б) Қорғаныс механизмдерінің дамуы
    Қорғаныс механизмдері психодинамикалық күштер тепе-
теңдігінің бұзылуын және индивидтің біртұтастылығына
төнген қауіпті азайтуға немесе жоюға бағытталған әрекеттердің
жиынтығын білдіреді. Олар мінез-құлықта көрініс беру
ерекшеліктері, тұлғада пайда болған бұзылыстың типі,
генетикалық кезеңі, қақтығыстарды өңдеу конструктивтілігі бо-
йынша ажыратылады. Қорғаныс механизмдері мәселесін З. Фрейд
құрастырады. Ең маңызды қорғаныс механизмдері төмендегідей:
    ●● ығыстыру – бейсаналылыққа ығыстыру, санадан тыс
сақтау және аластату;

                                     49

⇐ МАЗМҰНЫ
   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54