Page 47 - index Bapaeva
P. 47

ІІІ. БАЛАНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ
                                 ТЕОРИЯЛАР

 3.1. Зигмунд Фрейдтің баланың психикалық дамуы жайлы
                              тұжырымдамасы

    Жоспары:
    1. Психикалық дамудың қозғаушы күштері
    а) Сексуалды мақсаттар мен сексуалды нысандардың да-
муы
    ә) Тұлға құрылымының дамуы
    б) Қорғаныс механизмдерінің дамуы
    2. Психикалық жыныстық даму кезеңдері

    1. Психикалық дамудың қозғаушы күштері

    З. Фрейдтің тұжырымдамасы – екі факторлы теория бо-
лып табылады. Тұқымқуалаушылық пен орта факторларының
арақатынастарының ерекшелігі – олардың адамдағы
табиғилықтың ығыстырылуында және тұқымқуалаушылықтың
ортамен жаншуымен анықталатын антагонизмі. Адамға
табиғатынан шекті нұсқасында тұтастылықты құрайтын және
өзара байланысқан әуестіктердің екі түрі тән. Біріншісі – бұл
З. Фрейдтің анықтауынша өмірге құмарлық ретінде анықталатын,
жыныстық әуестік – эрос. Эрос Танатосқа немесе өлімге
құштарлыққа қарама-қайшы. Эрос тек жыныстық құмарлықпен
шектелмейді, сонымен бірге өмірге құштарлықты, адамның өзін-
өзі сақтаумен байланыс-ты әуестіктерін де қамтиды. Жыныстық
әуестік – үйлесімдікке, бірлікке, тұтастылыққа құштарлық
ретінде түсіндіріледі. Дәл сол мағынасында ол Танатосқа қайшы.
Жыныстық әуестік либидо қуатына ие. Либидо адамзаттың
жетістіктерін анықтайтын және оның дамуының негізін құрайтын
адам белсенділігінің қуатын құрайды. Танатос өлімге құштарлық
ретінде тепе-теңдікке қатысты жалпы бетбұрысты анықтайды:
адам ғайыптан келіп ғайыпқа кетуі тиіс. Өлімге құштарлық – бұл
өмірлік циклдің аяқталғандығының көрінісі. Өлімге құштарлық

                                     47

⇐ МАЗМҰНЫ
   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52