Page 50 - index Bapaeva
P. 50

●● регрессия – мінез-құлық пен ойдың алдыңғы формалары-
на, объектілі қатынастарға, дамудың едәуір ерте кезеңдеріне қайта
оралу;

    ●● кету – физикалық қашу немесе ойша іштей кету;
    ●● реактивті құрылыс – Супер Эгомен сыналатын тілектермен
және ойлармен байланысты мазасыздықты бейсаналы жасыру,
қалаулы мінез-құлықтың тікелей қарама-қарсы үлгісін таныту;
    ●● проекция – адамның өзі үшін сынға ұшыраған және
кешірілмейтін тілектер мен ойлардың өзгеге таңылуы;
    ●● идентификация – едәуір құдіретті және билікке ие
адамдардың бағдары мен көзқарастарын, құндылықтарын бір
жүйеге келтіріп, өзіне таңуы; балалар өздерін ата-аналарымен са-
лыстырады;
    ●● изоляция – ойлардың немесе әрекеттердің уақытша
ретін (мәселен, салттардың көмегімен) үзуге мүмкіндік беретін
тәсілдердің жиынтығы;
    ●● орын басу (алмастыру) – мазасыздықтың немесе жағымсыз
аффектінің шынайы бастауын құдіреті және қауіп-қатері неғұрлым
төменірек фигурамен алмастыру;
    ●● рационализация – жалған дәлелдің көмегімен ақиқаттың
бұрмалануы;
    ●● сублимация – инстинктивті тума әуестіктердің әлеуметтік
қалаулы және қолайлы мақсаттарға ауыстырылуы.
    Қорғаныс механизмдерінің генетикалық тұрғыда ерте түрлері
– ығыстыру, регрессия, кету болса, неғұрлым кеш түрлері – рацио-
нализация, сублимация болып табылады.

2. Психикалық жыныстық даму кезеңдері

    Кезеңдерге бөлудің өлшемдері ретінде жыныстық мақсаттар
(эрогенді аймақ), даму үдерістерінің сипаттамасы, қақтығыстың
бастауы алынған.

    З. Фрейдтің тұжырымдамасында дамудың эвристикалық,
нақты белгіленген механизмдері өте көп. Тұлғаның жаңа
құрылымдарының қалыптасуы және жаңа кезеңге өтуі баланың
әуестігі және оны қанағаттандыра алмаудың, тұқым қуалаушылық

           50

⇐ МАЗМҰНЫ
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55