Page 48 - index Bapaeva
P. 48

аутоагрессияда – адамның өз-өзіне бағытталған жойқын күш;
сыртқа бағытталған агрессия түрінде екі формада көрініс береді.
Сыртқы агрессия екінші реттегі қуат болып табылады, өйткені
қоғам адамның жыныстық әуестіктерін қанағаттандыру және өзін-
өзі жою жолында, оның табиғи әуестіктеріне кедергі келтіреді.
Мемлекет, құқық, мораль репрессивті, қорғаушы қызметтерді
атқарады. Бұл мағынада әлеуметтік орта адамдағы табиғи
тұқымқуалаушылықты тұншықтырады, оған қайшы келіп, қарсы
әрекет етеді.

    З. Фрейд тұлғаның онтогенезде дамуының жыныстық
мақсаттары объектілерінің дамуы; тұлға құрылымының дамуы;
қорғаныс механизмдерінің дамуы сияқты тұлға дамуының негізгі
үш жолын атап көрсетеді.

    а) Сексуалды мақсаттар мен сексуалды нысандардың да-
муы

    Сексуалды мақсат – ләззат алудың бастауы болып табыла-
тын денедегі эрогенді аймақ. Либидо адамзаттың жетістіктерін
анықтайтын және оның дамуының негізін құрайтын адам
белсенділігінің қуаты. Онтогенездегі либидоның алмасуы денедегі
бір эрогенді аймақтан тұқымқуалаушылықпен анықталған басқа
аймағына өтумен байланысты.

    Сексуалды нысандардың дамуы аутоэротизмжәнефалликалық
және генитальды кезеңдердегі жыныстық объектілердің екі
таңдауы сияқты үш сатысын болжайды. Ең алғашқы таңдау екі
жаста жасалынса, бес жас Эдип кешенінің туындауымен және
қалыптасуымен байланысты болып, арқау ету қағидасы бой-
ынша жүзеге асырылады, яғни сексуалды нысанның таңдалуы
қорғанысқа, қамқорлыққа қол жеткізу ұмтылысымен байланыс-
ты болады. Сол себепті алғашқы сексуалды нысан қарама-қарсы
жыныстағы ата-ана болып табылады. Сексуалды нысанның
екінші таңдауы серіктесіне бағдардың типі тіркелетін жыныстық
жетілудің пубертантты кезеңінде жасалынады. Мұндағы сексуал-
ды нысан екі тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін. Біріншіден, адам
әкесінің немесе анасының орнын басар серіктесті іздеп, таңдауы
арқау ете алатын адамға түссе, екіншіден, адам серіктесінен өз
Менінің бір бөлшегін, өзіне тән қасиеттерді, ерекшеліктерді,
көзқарастарды, құндылықтарды іздеп, нарцистік тип бойынша,
яғни объекті субъектінің өз-өзіне қатынасының үлгісі бойынша
таңдалады.

                                     48

⇐ МАЗМҰНЫ
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53