Page 53 - index Bapaeva
P. 53

қатынасының және өзара әрекеттестігінің рөлі; балалық шақтың
мәні; тұлғаның дамуы үшін балалалық шақтың ерте кезеңдерінің
ерекшеліктері сенімді түрде дәлелденген.

    Психоанализде онтогенезде баланың психикалық дамуының
тұжырымдамасы дамуды детерминдейтін факторлар ретінде
баланың дербес белсенділігі мен қарым-қатынасының рөлі мо-
йындалатын және екі факторлы парадигманың үлесі біртіндеп
жойылатын А. Фрейдтің, М. Клейннің, Д. Виконттың, М. Ма-
лердің теорияларында, сондай-ақ К. Хорни мен Э. Фромның
әлеуметтік бағдарланған психоанализінде жалғасын тапты.
Жаңа психологиялық бағыттардың қатарына жататын даралық
психологияның негізін қалаушы А. Адлер, аналитикалық
психологияның өкілі – К. Г. Юнг, егде жас шамасында тұлға да-
муы мәселесін қарастырған, эпигенетикалық психологияның
негізін қалаушы Э. Эриксон да өз үлесін қосты.

      Семинар және практикалық сабақтардың жоспары

    1. Тұлғаның дамуындағы тұқымқуалаушылық пен ортаның
ықпалы.

    2. Эрос, танатос ұғымдарының мәні.
    3. Тұлға құрылымы мен қорғаныс механизмдеріне сипаттама.
Мысалдар арқылы түсіндіру.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ)
                      тақырыптары

    1. З. Фрейд бойынша тұлғаның негізгі үш тұжырымдамалы
жүйесі.

    2. З. Фрейдтің мотивация теориясы бойынша инстинктер адам
мінез-құлқының қайнар көзі ретінде.

    3. Қорғаныс механизмдерінің адам өміріндегі мәні.
    4. З. Фрейдтің адам және қоғам жайлы пікірлері.
    5. З. Фрейдтің еңбектеріне аннотация жасау.

           53

⇐ МАЗМҰНЫ
   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58