Page 44 - index Bapaeva
P. 44

қарастырып көруге болады. Жерге түскен дән өніп, өсіп шығады.
Оның бидай, сұлы немесе басқа өсімдік болып өсіп шығатыны
тұқымқуалаушылықпен анықталады. Алайда, бидай шөл, суық
сияқты жағымсыз жағдайларға тап болса, ол өз әлеуетін жүзеге
асыра алмай, өнбей қалады. Тұқымқуалаушылық даму жоспарына
сәйкес ненің өсіп шығатынын, ал сол жоспардың жүзеге асыры-
луына жағдай жасайды. В. Штерн баланың психикалық дамуына
тұқымқуалаушық пен ортаның үлесін ашатын негізгі төрт тұрғыны
құрастырады. Ол тұрғылар бойынша тұқымқуалаушылықтың
жетекші рөлді атқаратыны, ал орта өзінің қасиеттерін анықтайтын
лакмус қағазы ретінде қызмет ететіндігі көрсетілген.

    Бірінші тұрғы бойынша В. Штерн қажеттілікті және оны
қанағаттандыратын механизмді анықтайтын алдын ала анықталған
тума тұқым қуалайтын мақсаттарды көрсетеді. Бірінші мақсат –
өзін-өзі сақтауға ұмтылыс болса, екіншісі – физикалық және ру-
хани жетілумен қатар өзін-өзі дамытуға ұмтылыс. Психикалық
даму нұсқалған екі бетбұрыспен анықталады. Өзін-өзі дамыту
бетбұрысы едәуір бейімді, мүлтіксіз, жаңа қабілеттердің дамуы
мен пайда болуын шарттандырады, ал өзін-өзі сақтау бетбұрысы
дамудың жетістіктерін тұрақтандырады.

    Екінші тұрғы қабілеттер дамуының заңдылықтарын
анықтайды.

    В. Штерннің ойынша қабілеттерді сөз еткенде нышандар
мен қасиеттерді ажырата білу қажет деп есептейді. Нышандар
адам қабілеттері дамуының шегін шарттандырып, тек тұқым
қуалаушылықпен анықталады. Ал қасиеттер – өзін-өзі сақтаудың
арқасында белгілі беріктігіне ие болған жүзеге асырылған
қабілеттер. Орта нышандар дамуының айшықталуына ықпал етуі
немесе оларды тежеуі мүмкін. Егер жағымды жағдайлар болма-
са нышандар жасырын, латентті күйде сақталып, көрініс бермеуі
мүмкін. Алайда нышандарда жоқ дүниеге қандай тәрбие бол-
са да қол жеткізу мүмкін емес. Дегенмен, зерттеушінің ойын-
ша жағымсыз ортаның өзінде талант өзінің жолын таба ала-
ды. Біз жағымды ортаға түскенімізде таланттарымыз гүлденіп
шыға келеді және керісінше нышандардың болмауы қабілеттер
дамуының төмен деңгейін алдын ала болжайды.

    Үшінші тұрғы даму ырғағына байланысты. Психикалық
дамудың ырғағы да тұқымқуалаушықпен анықталып, ортамен

                                     44

⇐ МАЗМҰНЫ
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49