Page 45 - index Bapaeva
P. 45

немесе тәрбиемен аса өзгерістерге ұшырай қоймайды. Алайда
В. Штерннің ойынша тәрбиенің болмауы қабілеттер дамуының
нышандармен анықталған жоғарғы шегіне жету мүмкін болмай,
дамудың ырғағы біршама тежелуі мүмкін.

    Төртінші тұрғы даму кезеңдерінің реті мен мазмұнының
тұқымқуалаушылықпен анықталуына негізделеді.

    Л. С. Выготскийдің ойынша, эволюциялық нативизмнің
өкілі болып табылатын А. Геззел даму тұқымқуалаушылықтың
Х-бірліктерімен және ортаның Ү-бірліктерімен анықталатын
қарапайым қызмет емес деп жазған. А. Геззелдің ойынша дамудың
себептерін сол үдерістің өзінен іздестіру қажет, өйткені дамудың
өзі үздіксіз, өзін-өзі шарттандыратын үдеріс болып табылады.

    «Тұқымқуалаушылық» ұғымының өзін нақтылау қажет.
Екі факторлар теориясында тұқымқуалаушылық биологиялық,
органикалық фактор ретінде түсіндіріледі. Алайда, адамның
тұқым қуалауы әлеуметтік себептеліп, тарихи дамудың өнімі
екендігі ескерілмейді. Тұқымқуалаушылықты, генетикалықты
әлеуметтікпен салыстыруға болмайды. Тұқымқуалаушылық
ықпалының өзі ортаның жағдайларымен және ересекпен қарым-
қатынаспен жанамаланады.

    Осылайша дамудың заңдылықтарын орта мен тұқым
қуалаушылықтың өзара әрекеттестігі арқылы түсіндірудің өз
мақсатына жетпегендігін қорытындылауға болады. Баланың ере-
секпен қарым-қатынасының және белсенділігінің мәнін анықтау
мәселесі туындауда. Ол мәселенің шешімі Л. С. Выготскийдің,
А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің, А. В. Запорожецтың
еңбектерінде өрбітілген.

      Семинар және практикалық сабақтардың жоспары
    1. Баланың онтогенезде психологиялық дамуының теориялық
тұрғыдағы екі негізгі белгісіне салыстырмалы талдау.
    2. Нативизм мен эмпиризм теорияларының өзара айырма-
шылығын анықтау, мысалдар келтіру.
    3. Онтогенез бен социогенездің ұқсастықтар мен айырма-
шылықтарына түсінік беру.
    4. Жетілу теориясының мәні.
    5. Даму ұғымы туралы теорияларды слайд түрінде көрсету.

                                     45

⇐ МАЗМҰНЫ
   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50