Page 55 - index Bapaeva
P. 55

3.2 Ж. Пиаже бала ойлауының дамуы жайында

    Жоспары:
    1. Негізгі заңдылықтары
    2. Ойлау дамуының кезеңдері
    3. Эгоцентрлік ойлау мен сөйлеу мәселесі

    1. Негізгі заңдылықтары

    Жан Пиаже ойлау психологиясында беделі мойындалған
тұлға болып табылады. Пиаже ойлауды зерттеудің жаңа әдісін
– ойлау дамуының заңдылықтарын және қызмет етуін зерттеуге
бағытталған клиникалық әңгімелесу әдісін ұсынады. Психологтың
ойынша әңгімелесу баланың ойлауын зерттеуге мүмкіндік береді,
өйткені ересектің сұрақтарына баланың берген жауаптары
зерттеушіге ойлаудың тірі үдерісін ашады. Ж. Пиаженің ойынша
әңгімелесу әдісі келесі талаптар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

    ●● ересектің сұрақтары баланың тәжірибесінен бөлек болуы
тиіс. Білімдерге, дағдыларға, іскерліктерге қатысты сұрақтарды
қоюға болмайды;

    ●● әңгімелесу эксперимент ретінде ұйымдастырылуы тиіс.
Зерттеуші балаға сұрақ қойғанда ойлаудың факторларымен
себептері жайында қайсыбір болжамын тексереді, ал жауабын
алғанда ол сол болжамды дәлелдейді не жоққа шығарады. Сол
себепті клиникалық әңгімелесу әдісінде сұрақ қоюдың қатаң, стан-
дартты реті болмайды. Олар баланың жауаптарына байланысты
және зерттеушімен верификацияланатын болжамның түрленуіне
сәйкес икемді өзгеріп отырады.

    Ж. Пиаженің ойынша, бала ойлауының дамуы – бұл эгоцен-
тризмнен децентрацияға ұласатын ой операцияларының алмасуы.
Зерттеуші ол үдерістің үш кезеңін көрсетеді:

    1) субъекті мен объектінің теңдестірілуі, өзін және қоршаған
әлемді ажырата алмаушылық;

    2) эгоцентризм – дербес ұстанымы бойынша әлемді тану, пәнге
қатысты әртүрлі көзқарастарды реттей алмаушылық;

    Децентрация – дербес көзқарасын объектіге қатысты басқа да
ықтималды көзқарастармен реттеу.

                                     55

⇐ МАЗМҰНЫ
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60