Page 64 - index Bapaeva
P. 64

теңдікті қамтамасыз етеді, бірақ интеллект – ең мүлтіксіз құрал
болып табылады.

    Ж. Пиаже кейінгі еңбектерінде дамудың негізгі себепшілері
жайлы көзқарастарын түбегейлі қайта қарастырып шығады. Егер
ертеректегі тұжырымдамасында даму тек тұқым қуалаушылықпен
және ортамен анықтаған болса, кейінгі еңбектерінде субъектінің
белсенділігіне ерекше назар аударып, себепшілердің күрделі
жүйесін құрастырады.

    2. Интеллекті дамуының негізгі кезеңдері

    Интеллектінің дамуы – ойлау құрылымдарының және
субъектінің танымдық ұстанымының жүйелі ауысуы. Соған
сәйкес Ж. Пиаже интеллекті дамуының негізгі екі жолын көрсетеді
(10-сызба).

    10-сызба. Интеллекті дамуының негізгі жолдары

Интеллектінің
     дамуы

           БІРІНШІ ЖОЛЫ                    ЕКІНШІ ЖОЛЫ
 Танымдық ұстанымның дамуы.      Әрекеттердің дамуымен және
  Ол субъекті мен объектінің    операциялардың қалыптасуына

   дифференциялданбауын;                байланысты интеллекті
        субъекті әрекеттерінің          құрылымының өзгеруі

дамуымен шартталған Меннің
және сыртқы әлемнің- субъекті

      мен объектінің ажырай
     бастауын; субъекті мен

          объектінің ажыруы
      эгоцентризмге к өшуді
    белгілейді; децентрация

    Операциялар ұғымы – Ж. Пиаженің теориялық
тұжырымдамасында маңызды ұғым. Интеллект операциялар
жүйесінің дамуын білдіреді.

                                     64

⇐ МАЗМҰНЫ
   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69