Page 77 - index Bapaeva
P. 77

Баланың өз-өзіне деген сыйластығын жолғалтпастан өзін-өзі
қадағалауы еркін еріктің туындауына ықпал етеді. Беймазалы
қайталау, мөлшерден тыс ұялу, тәуелділік немесе ашық қарсыласу
және қырсығу рәсімінде анықталады.

    Мектепке дейінгі, локомоторлы-генитальды кезең (3-6
жас шамасы) Эдип кешеніне байланысты қарастырылады.
Эдип кешені, баланың ата-анасымен қатынасына байланы-
сты күйзелістері мен сезімдері әлеуметтік-психологиялық
дағдарыстың бастауы болып табылады. Осы жас шамасындағы
дағдарыстың мәні бастамашылдық пен кінә сезімдерінің
арасындағы таңдауға байланысты. Ол дағдарысты шешу үшін
қоғам драмалық рәсімді ұсынады. Негізінен бұл ойын түріндегі
рөлдік драма – ересектердің өміріндегі қатынастарды ойнап көру,
модельдеу мүмкіндігі. Ойында тыйымдар болмайды, барлығы
қалаған адамды ойнай алады. Ойын немесе драмалық рәсім
әлеуметтік тиымдардың бұзылуымен байланысты кінә сезімін
күйзелуге қауіп төндірмей, еркін зерттеу және эксперимент-
теу мүмкіндіктерін береді. Ойын барысында бала сол рөлдерді
меңгеріп, өзінің бастамашылдықпен мақсат қою қабілетін дамы-
тады. Бастамашылдыққа қатысты дағдарыс жағымды шешімін
тапса, мақсаттылық, яғни мақсат қойып, оған қол жеткізуде ба-
рынша күш салу қабілеті қалыптасады. Кері жағдайда кешеуілдеу,
яғни бастамашылдықтан бас тарту қасиеті қалыптасады.

    Мектептегі, латентті кезең (6-12 жас шамасы) мектепте
оқудың басталуынан жыныстық жетілудің басталуына дейінгі
аралықты қамтиды. Эдип кешені алдыңғы кезеңде өз шешімін
тапқан. Латентті кезең жыныстық дамудың үзілуімен сипаттала-
ды. Сублимация үдерісі орын алады, яғни қуат көзі әлеуметтік
қалаулы мақсаттарға көшіріледі. Қоғам балалық мәдениетті
меңгеруге қатысты мақсаттарды қойып, технологиялық
рәсімделуді ұсынады. Ресми технологиялық рәсім еңбекқорлық
пен толымсыздық сезімінің арасында таңдау жасауға
көмектесіп, біліктілікті қалыптастыру міндеттерін орындайды.
Технологиялардың меңгерілуі пәндердің (тіл, жаратылыстану, ма-
тематика және т.с.с.); ынтымақтастық, қарым-қатынас және өзара
әрекеттестік технологияларының меңгерілуін анықтайды.

    Бала адамдармен араласуға, ортақ мақсаттарға қол жеткізуде
біріккен іс-әрекетті құруға үйренуі тиіс. Оның технологиялар-

                                     77

⇐ МАЗМҰНЫ
   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82