Page 78 - index Bapaeva
P. 78

ды меңгеруі жауапкершілікті сезінуіне ұласып, өзін-өзі шектеу,
тіптен бағыну қажеттігін тудырады. Аталмыш жас шамасының
басты жаңалығы – біліктілік (оқуда және еңбекте өзге адамдармен
ынтымақтасу қабілетімен, іскерліктерімен және дағдыларымен
анықталады) болып табылады. Баланың оқу қабілеті оның негізгі
іскерлігі ретінде шартталады. Екі түрлі нұсқада көрініс беруі
мүмкін инерттілік – біліктілікке қарама-қарсы қасиет болып табы-
лады. Инерттілік мінез-құлықтың екі түрлі нұсқасына ұласатын
толымсыздық сезіміне байланысты. Біріншісі – толымсыздық
сезімінен қуат алған бала барлық аумақтарда бірінші болғысы
келетін жоғары бәсеке. Екіншісі – міндеттерден, қиял мен фанта-

зияда әрекет етуден, енжар бас тарту.
    Жасөспірімдік, пубертантты кезең (12-19 жас шама-

сы) – ұқастықтың қалыптасуының сын кезеңі. Әлеуметтік-
психологиялық дағдарыстың мәні эго-ұқсастық пен ұқсастықтың
алмасуының арасында таңдау жасауда анықталады.

    Дәл осы жас шамасында Меннің көптеген бейнелері
тұтастыққа бірігеді, Мен маңызды әлеуметтік ортамен мойында-

лады.
    Ұқсастық дағдарысы неліктен дәл жасөспірімдік кезеңде

орын алады? Біріншіден, қауырт соматикалық даму мен
жыныстық жетілу жағдайына байланысты болады. Жасөспірім
денесінің түбегейлі өзгерістерін сезіне бастайды, Мен бейнесінің
жаңа үлгісін қалыптастыру міндеті пайда болады. Екіншіден,
жасөспірім өзінің өмірлік таңдауын жасау қажеттігін сезіне бас-
тайды. Қоғам да өзі де: «Мен кіммін?», «Мен кім болам?», «Менің
болашақ мамандығым қандай?» деген көптеген сұрақтарға жауап

іздей бастайды.
     Осы жас шамасында қалыптасатын жағымды құрылым –

сенімділік болса, деструктивті құрылым – ұқсастықтан бас тарту

болып табылады.
     Жастық шақ (балғындық) генитальды (20-25 жас шама-

сы) – әлеуметтік психологиялық дағдарыс кезеңі. Дағдарыстың
мәні интимділік пен оқшауланудың арасында таңдау жасауда
анықталады. Эго-ұқсастықтың қалыптасуы Меннің даралығын,
бірегейлігін, қайталанбастығын сезінуге ұласады. Нәтижесінде
адамды оның өзін қоғамның қабылдау-қабылдамауына қатысты
қорқыныш, үрей сезімдері билей бастайды. Дағдарыстың келесі

                                     78

⇐ МАЗМҰНЫ
   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83