Page 79 - index Bapaeva
P. 79

себебі жыныстық әуестіктер қуатының артуына, жанына жақын
адамды іздеу, тұрақты жыныстық қатынастарды орнату, отбасын
құру қажеттілігінің туындауына байланысты.

    Махаббат – жастық шақта қалыптасатын жағымды құрылым
болса, адамның бірегейлігі деструктивті құрылым болып табыла-
ды. Бірегейліктің көрінісін біз өзімізге қатысы жоқ барлық дүниеге
қатысты туындайтын өшпенділігімізден байқауға болады.

    Орта ересектік кемелдену (26-64 жас шамасы) кезеңіндегі
әлеуметтік-психологиялық дағдарыс тоқырау мен өнімділіктің
арасында таңдау жасауға байланысты. Бұл кезеңде тұлға әлемде,
еңбек ұжымында, отбасында орын алған барлық жағдайға
жауапкершілікті сезінеді.

    Адам отбасын құрып, мамандық таңдап, өзінің және
айналадағылардың әлеуметтік жайлылығы үшін жауапкершілікті
мойнына алады. Дағдарыстың мәні сол жауапкершілікті
қабылдауда немесе одан бас тартуда. Егер тұлға жауапкершілікті
қабылдаса, ол өнімділіктің айғағы. Қомқорлық шеңберінің
кеңеюі – болашақ дамудың кепілі болады. Өнімділікке қатысты
қабілеттердің өз шекарасынан асуы дамудың белсенді, өнімді ба-
рысын сақтаудың жалғыз тәсілі болып табылады.

    Егер қамқорлық пен жауапкершіліктен бас тартса, сүю және
жақын қатынастарды орнату қабілеті қалыптаспаса, ол белсенді,
өнімді іс-әрекетке енбеген болса, оған шеттетілу қаупі төнуі
мүмкін. Шеттету адамның өзіне және сыртқы ортаға да бағытталуы
мүмкін. Қоғамда адамның өз-өзіне қол жұмсауы, зорлық, агрес-
сия, қылмыстардың саны артуда. Сондықтан қоғам шеттету-
ге қарсы арнайы қорғаныс (мемлекет, құқық қорғау орындары,
әрқилы әлеуметтік қызметтер) құрады. Өнімділігінен айырылған
тұлға өзінің күш-қуатын жеке басының мұқтаждығына бағыттап,
дағдарыс орын алып, оның өмірінің мәні жоғалады, шарасыздық
сезімі туындайды.

    Кеш ересектік, қарттық (65 жастан – дүние салғанға
дейін) кезең эго-интеграция мен қажудың арасында таңдау жа-
сау дағдарысы орын алатын уақыт. Қарттық кезеңінде белсенді,
өнімді және әлеуметтік іс-әрекет тоқтатылады; дене қуаты
мен мүмкіндіктері төмендейді, адам көптеген психологиялық
мүмкіндіктерінен айырылады; ата-аналық қызметтерінің соңына
жетеді.

                                     79

⇐ МАЗМҰНЫ
   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84