Page 80 - index Bapaeva
P. 80

Тұлға дамуының өмірлік циклын Э. Эриксон әрбір кезеңі
өзара байланысқан және өзара шартталған біртұтас жүйе ретінде
қарастырады.

    Э. Эриксонның тұжырымдамасын бағалауда болашақта
зерттеудің келешегін аша түсетін «қуатты» қырларын айта кеткен
жөн:

    ●● тұлғаның дамуы адамның бүкіл онтогенезін қамтитын
біртұтас өмірлік циклде қарастырылады;

    ●● даму дағдарыстарды жеңудің, туындаған қарама-
қайшылықтарды шешудің диалектикалық үдерісі;

    ●● даму көбінде тұлғаның белсенділігімен шартталған үдеріс
ретінде түсіндіріледі. Даму түзу сызықты әрі бастапқы мезетінен
бағдарламаланған үдеріс емес;

    ●● тұлға мен қоғамның қатынастары тұлғаның жағымды
дамуы әлеуметтік қатынастардан тыс жүзеге асырылмайтын
ынтымақтастық қатынастары ретінде анықталады;

    ●● жаңалықтардың деструктивті және жағымды деп бөлінуі
тұлға дамуының ықтималды траекторияларының кеңістігін
анықтайды.

       Семинар және практикалық сабақтардың жоспары
    1. Э. Эриксон бойынша эпигенетикалық теорияның тұлға
дамуындағы мәні.
    2. Эпигенез ұғымына түсінік.
    3. Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының кезеңдерге жіктелуі
атты кестеге аналитикалық талдау жасау.

         Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ)
                                тақырыптары

    1. Жас шамасына қарай даму кезеңдері ауысуының негізгі
механизмдері.

    2. Балалар психологиясындағы жас туралы ұғым.
    3. Бала белсенділігі психикалық дамудың маңызды факторы
ретінде.
    4. Тұлғаның өзін-өзі бағалауы.
    5. Сіз өзіңізді қаншалықты бағалайсыз? (эссе жазу).

                                     80

⇐ МАЗМҰНЫ
   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85