Page 82 - index Bapaeva
P. 82

3.5. Мәдени-тарихи тұғыр. Баланың психикалық дамуы ту-
ралы Л. С. Выготскийдің теориясы

    Жоспары:
    1. Баланың психикалық дамуының негізгі заңдылықтары
    2. Психологиялық жас туралы ілім
    3. Жас ерекшелік дағдарыс ұғымы
    4. Жоғары психикалық қызметтер жайлы ілім
    5. Оқыту мен тәрбиенің арақатынасы
    6. Л. С. Выготский тұжырымдамасының мәні

    1. Баланың психикалық дамуының негізгі заңдылықтары

    Л. С. Выготский дамудың метафизикалық және диалек-
тикалық атты екі тұжырымдамасын қарсы қойып салыстыру.
Метафизикалық тұғырдың шеңберінде баланың психикалық да-
муы тума нышандардың қарапайым өсуі, жүзеге асуы, түрленуі
және араласуы ретінде, яғни адамға бастапқыдан берілген
қабілеттердің тек сандық өзгерісі ретінде қарастырылады.
Баланың диалектикалық тұғырдағы психикалық дамуы өзіндік
қозғалыстың үздіксіз үдерісі, психиканың сапалы өңделуі,
сананың мүлде жаңа құрылымдарының туындауы ретінде
қарастырылған. Дамудың өсу ретіндегі ботаникалық үлгісіне Вы-
готский дамудың психикалық қызметтер құрылымының қайта
құрылуының және сананың жүйелі және мағыналы құрылысының
өзгерісінің негізінде мінез-құлық дамуының сапалық үдерісі
ретіндегі түсінікті қарсы қойып салыстырады.

    Л. С. Выготский адам психикасының әлеуметтік-тарихи
шартталуының қағидасын және оның онтогенезде дамуының
ерекшелігі жайлы қағиданы ұсынып, негіздеген. Ол адамның са-
насын қоғамның тарихи дамуының өнімі ретінде қарастырады.
Выготский бойынша сана адамға берілмейді, оның шығу тегі мен
өмір барысында дамуының тарихи бар.

    Л. С. Выготский психиканың онтогенезде дамуының бірқатар
заңдарын құрастырады.

    Метаморфоза заңы дамуды сана күйлерінің бірізді сапалы
                                     82

⇐ МАЗМҰНЫ
   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87