Page 350 - index
P. 350

максимумға жеткізетін салық мөлшерлемесінің тиімді деңгейін (0-ден
100%-ға дейін) анықтайтын қисық сызық.

   Лоренц қисығы – экономикада тұрғындар табыстарының
бөлінуіндегі теңсіздіктерді анықтауға көмектесетін қисық сызық.

   Макроэкономика – экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін
және жалпы экономикалық көрсеткіштерді қолданатын экономикалық
ғылымның бір саласы.

   Мамандандыру – индивидтің, фирманың, аймақтың немесе
мемлекеттің тауарлар мен қызметтердің белгілі бір нақты түрлерін
өндіру үшін ресурстарды мақсатты түрде қолдануы.

   Маржинализм – шекті табыстар мен шекті шығындарды
салыстыруды зерттейтін шешім қабылдау теориясы.

   Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік табыстар мен шығындарды
зерттей-тін экономикалық теорияның бір бөлімі.

   Мемлекеттік қарыз – осы уақытқа дейін жинақталған бюджет
тапшылықтарының жалпы сомасы; үкіметтік мемлекеттік бағалы
қағаздар иелеріне деген қарыздарының жалпы көлемі.

   Мемлекеттік меншік – орталықтандырылған мемлекетке немесе
үкіметке тиесілі жер және капитал түріндегі меншіктің белгілі бір
нысаны.

   Мемлекеттік сатып алымдар – мемлекеттің соңғы тауарлар мен
қызметтерді сатып алуына жұмсайтын ақшалай төлемдері.

   Мемлекеттік сектор – мемлекетпен және үкіметпен бақыланатын
ел экономикасының бір бөлігі.

   Мемлекеттің дәрменсіздігі – мемлекеттік сектордың (үкіметтің)
өз міндеттері мен қызметтерін экономикалық жағынан тиімсіз әдістер
арқылы орындау салдарынан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді
шеше алмауы.

   Меншікті капитал – фирманың жиынтық активтері мен жиынтық
пассивтері арасындағы айырма; фирма иегерлерінің активтердің
жалпы көлеміндегі үлесі.

   Микроэкономика – жекелеген экономикалық субъектілердің
нарықтағы мінез-құлықтары мен тәртіптерін зерттейтін және нақты
бағаларды, нақты тауарлар мен қызметтерді, жекелеген нарықтарды
қарастыратын экономикалық ғылымның бір саласы.

   Монетаризм – кейнстік бағытқа қарсы сын айтушы балама
теория; жиынтық өнім көлемі мен бағалар деңгейінің өзгеруі ақша
ұсынысының өзгеруіне байланысты екендігін көрсететін бағыт.

   Монополистік бәсеке – нарықта көптеген фирмалар бір-бірінен

ерекше-ленген өнімдер шығаратын, бәсекелестіктің бағалық емес

           350

⇐ МАЗМҰНЫ
   345   346   347   348   349   350   351   352   353   354   355