Page 348 - index
P. 348

Кәсіпкерлік қабілет – адамның тауар өндіру үшін ресурстарды
белгілі бір үйлесімділікпен қолдана алу, оңтайлы шешімдер қабылдау,
өндіріске жаңалықтар енгізу және тәуекелге бару қабілеттілігі.

   Кәсіподақ – өз мүдделерін қорғау және еңбек жағдайларын
жақсарту (жалақыны көтеру, жұмыс уақытын қысқарту, т.б.) үшін
белгілі бір ұйымға біріккен жұмысшылар тобы.

   Кәсіпорын – тауарлар мен қызметтер өндірісінде (оларды
дайындауда және өткізуде) бір немес бірнеше қызметтерді орын­
дайтын фирма қарамағындағы нақты мекеме.

   Кедейшілік – индивид немесе отбасы қажеттіліктерінің қолда бар
құралдарынан асып кетуі жағдайы.

   Кейнстік экономикалық теория – капиталистік экономиканың
өздігінен ресурстардың толық қамтылуын қамтамасыз ете алмай­
тындығын және олардың толық қамтылуына қол жеткізу үшін бюджет-
салық және ақша-несие саясаттарын қолдану керектігін түсіндіретін
және экономикаға мемлекеттің араласу қажеттілігін жақтайтын
көптеген экономистермен мойындалған макроэкономикалық бағыт.

   Классикалық экономикалық теория – капиталистік экономика­
ның мемлекеттің араласуынсыз өздігінен ресурстарды толық қолдана
алатындығын түсіндіретін ХХ-ғасырдың 30-шы жылдарына дейін
көптеген экономистермен мойындалған макроэкономикалық бағыт.

   Коммерциялық банктер – халықтың уақытша бос ақша-
қаражаттарын тартып несие берумен айналысатын және банктік
операцияларды жүргізуге үкіметтен рұқсаты бар фирмалар.

   Коуз теоремасы – сыртқы әсерлердің мәселесін мемлекеттің
қатысуын-сыз өзара мүдделі жақтармен белгілі бір келісімдерге келу
арқылы шешуге болатындығын дәлелдейтін теория.

   Көлденең кесінді – өндіріс көлемінің өзгеруіне қарамастан бағалар
деңгейінің тұрақтылығы сақталатын жиынтық ұсыныс қисығының
көңденең бір бөлігі.

   «Үміт үзген» жұмысшылар – жұмыс таба алмағаны үшін жұмыс
күші құрамынан шыққан жұмысшылар.

   Көлденеңінен бірігу – өндірістің белгілі бір кезеңін жүзеге
асыратын және бір фирманың меншігі болып табылатын кәсіпорындар
тобы.

   Көлденеңінен қосылу – өнімнің белгілі бір түрін өндіретін
бірнеше фирмалардың бір фирма болып толығуы.

   «Көрінбейтін қол» – қоғам мүдделерін ең жақсы жағынан
қамтамасыз ету және қажеттіліктерді максималды түрде қанағат­

           348

⇐ МАЗМҰНЫ
   343   344   345   346   347   348   349   350   351   352   353