Page 352 - index
P. 352

Олигополия – нарықта бірнеше ірі фирмалар стандартталған
немесе ерекшеленген тауарлар өндірумен айналысатын, олардың
әрқайсысы тауар бағасына айтарлықтай бақылау жасай және шешім
қабылдауда бір-бірінің ықтимал реакцияларын ескеріп отыратын
жетілмеген бәсекенің бір типі.

   Олигопсония – бірнеше сатып алушыларға ғана әрекет ететін
нарықтың жағдайы.

   ОПЭК – мұнай экспорттаушы-елдер ұйымы; шикі мұнайды
импортерлер-ге сату бойынша мұнай бағасы мен оның көлеміне
бақылау жасап отыру үшін 1960 жылы құрылған, құрамында мұнай
өндіруші 13 мемлекет бар халық-аралық картель; мұнайдың әлемдік
экспорттының маңызды бөлігі тиесілі елдер картелі.

   Орталық банк – ақша шығаруға құқығы бар және басты қызметі
берілген елдегі айналымдағы ақша жиынына бақылау жасау болып
табылатын эмиссиялық банк.

   Орташа жалпы шығындар – фирманың жалпы шығындарының
өндірілген өнім көлеміне қатынасы; орташа тұрақты және орташа
өзгермелі шығындардың қосындысы.

   Орташа өзгермелі шығындар – фирманың өзгермелі шығын­
дарының өнім көлеміне қатынасы.

   Орташа өнім – ресурстардың бір бірлігіне шаққандағы өндірілген
өнімнің жалпы көлемі.

   Орташа табыс – өнімді сатудан түскен жалпы түсімнің өнім
көлеміне қатынасы; жетілген бәсеке жағдайында өндірілген өнімнің
бағасына тең шама.

   Орташа тұрақты шығындар – фирманың тұрақты шығындары­
ның өнім көлеміне қатынасы.

   Оукен заңы – жұмыссыздықтың нақты деңгейінің толық
жұмысбасты-лық жағдайындағы табиғи деңгейінен 1%-ға асып
кеткенде нақты ЖІӨ-нің әлеуетті ЖІӨ деңгейінен 2,5%-ға қалып
отыруын сипаттайтын қорытынды.

   Өзара тәуелсіз тауарлар – қандай да бір тауардың немесе
қызметтің бағасы мен басқа бір тауардың немесе қызметтің сұраныс
көлемі арасында ешқандай байланысты тудырмайтын игіліктер;
мысалы, бір тауардың бағасы өскенде немесе төмендегенде екінші
бір тауарға деген сұраныстың өзгеріссіз қалуы.

   Өзгермелі шығындар - өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты
өзгеріп отыратын шығындар, яғни олардың жалпы көлемі фирма өнім
өндіруді арттырғанда (қысқартқанда) өсіп отырады (төмендейді).

           352

⇐ МАЗМҰНЫ
   347   348   349   350   351   352   353   354   355   356   357