Page 353 - index
P. 353

Өндіріс факторлары – еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік
қабілет сияқты экономикалық ресурстар.

   Өндірістік әлеует – экономиканың қолда бар ресурстарды толық
пайдалану кезінде өндіре алатын өнімінің (ЖІӨ-нің) нақты көлемі.

   Өндірістік мүмкіндіктер қисығы – экономикада берілген
технология бойынша қолда бар ресурстарды толығымен пайдалану
және толық жұмысбастылық жағдайында өндіріле алатын екі тауар­
дың немесе қызметтің әртүрлі үйлесімділіктерін көрсететін қисық
сызық.

   Өнеркәсібі дамыған елдер – озық технологиялы негізгі капитал­
дың үлкен көлемін жинақтауға негізделген және біліктілігі жоғары
жұмыс күшін иемденген нарықтық экономикасы дамыған АҚШ,
Канада, Жапония және Батыс Еуропа елдері сияқты мемлекеттер.

   Өнеркәсіптік саясат – экономикалық өсуді ынталандыру
мақсатында өнеркәсіптің құрылымы мен ұйымдастырылуын
қалыптастырудағы үкіметтің тікелей қатысуына және белсенді
араласуына негізделген саясат.

   Өнімділік – орташа өнім көлемінің немесе жұмсалған ресурстар­
дың бірлігіне шаққандағы нақты өнімнің көрсеткіші. Мысалы, еңбек
өнімділігі нақты өндірілген өнім шамасын жұмыс уақытына бөлу
арқылы анықталады.

   Өспелі балама шығындар заңы – өнім өндірісін ұлғайтқан сайын
сол өнімнің әрбір жаңа бірлігін өндіруге кететін балама шығындардың
және шекті шығындардың өсіп отыру үрдісі.

   Өте икемді сұраныс – тауар бағасының өзгеруін талап етпейтін
сұраныс көлемінің өзгеруі; тұтынушылардың нарықта өзгермейтін
бағамен тауар көлемін сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын
жағдай.

   Өте икемді ұсыныс – тауар бағасының өзгеруін талап етпейтін
ұсыныс көлемінің өзгеруі; тұтынушылардың өзгермейтін бағамен
сатып алғысы тауар көлемін сатушылардың сатуға деген дайындығын
сипаттайтын жағдай.

   Өте икемсіз сұраныс – тауар бағасының өзгеруі сұраныс көлемінің
өзгеруіне алып келмейтін жағдай; кез-келген бағаларда сұраныс
көлемінің тұрақты болып қалуы.

   Өте икемсіз ұсыныс – тауар бағасының өзгеруі ұсыныс көлемінің
өзгеруіне алып келмейтін жағдай; кез-келген бағаларда ұсыныс
көлемінің тұрақты болып қалуы.

           353

⇐ МАЗМҰНЫ
   348   349   350   351   352   353   354   355   356   357   358