Page 354 - index
P. 354

Өтімділік – ақшаның немесе тауардың өзінің сатып алушылық
қабілетін жоғалтпай басқа бір ақшаның немесе активтің түріне
жылдам, әрі оңай айнала алуы.

   Пайда – табыстар мен шығындар арасындағы айырма; кәсіпкерлік
қабілеттіліктерін экономикаға ұсынатындардың алатын таза
табыстары.

   Пайдалылық – тауарлардың немесе қызметтердің бір немесе
бірнеше қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қабілеті.

   Пайыз мөлшерлемесі – ақшаны немесе капиталды пайдаланудың
бағасы.

   Позитивтік экономика – нақты деректер мен фактілерге
негізделген экономиканың дәл қазіргі жай-күйі.

   Рейганомика – ұсынысқа баса назар аударатын, инфляция мен
жұмыссыздықты, яғни стагфляцияны төмендетуге бағытталған Рейган
әкімшілігінің саясаты.

   Ренталық табыс – экономиканы жер ресурстарымен қамтамасыз
ететін тұлғалардың алатын табыстары.

   Ресурстар нарығы – үй шаруашылықтары ресурстарды сататын
және фирмалар сол ресурстарды сатып алатын нарық.

   Ресурстардың шектеулілігі – адамдардың шексіз қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік қабілет
сияқты факторлардың жетіспеушілігі.

   Сала – ұқсас тауарларды өндірумен айналысатын фирмалар тобы.
   Салық – үй шаруашылықтары мен фирмалардың үкіметке заңдық
тәртіппен төлейтін міндетті төлемдері.
   Салыстырмалы артықшылықтар – қандай да бір тауарды
өндіруде басқа өндірушіге қарағанда салыстырмалы түрде ең аз
шығын жұмсау принципі.
   Сатып алушылық қабілетінің паритеті – ұлттық валюталардың
айырбас бағамдары олардың сатып алушылық қабілетіне тең
болатынын сипаттайтын ереже; кез-келген екі валютаның айырбас
бағамдарының нақты екі елдегі бағалар деңгейінің айырмашылық­
тарын көрсетуі.
   Саяси іскерлік цикл – сайлау науқаны кезінде салықтарды
төмендету және мемлекеттік шығындарды арттыру жолымен және
сайлау аяқталғаннан кейін салықтарды көтеру мен мемлекет­тік
шығындарды қысқарту арқылы үкіметтің экономиканы тұрақ­
сыздандыруға деген бейімділігі.
   Соңғы өнімдер – белгілі бір жыл аралығында қайта сату, қайта

өңдеу үшін емес, соңғы пайдалану үшін сатып алынған тауарлар.

           354

⇐ МАЗМҰНЫ
   349   350   351   352   353   354   355   356   357   358   359