Page 198 - index
P. 198

ондағы логикалық байланыс гносеологиялық сипаттағы терең

де маңызды себептерге негізделген. Әрбір журналист үшін ой-
лау логикасы және оқиғалар мен фактілер логикасы ажырамас
тұтастық ретінде қабылдануы тиіс. Бүгінде осы іргелі ғылым
мәтінді зерттеушілердің белсенді назарын өзіне аударып отыр.
Бұл проблеманы шешудің дәстүрлі жолы – мәтінде берілген
әртүрлі ойлау операцияларына қатысты логика ережелерінің
бұзылуын анықтау. Информатика мәтіннің логикалық қате­
лерін ақпараттық кедергінің бір түрі ретінде қарастырса,
линг­ вист-ғалымдар мәтіннің синтаксистік байланысындағы
логикалық заңдылықтардың сақталуын қадағалайды. Мәтінді
бағалаудың логикалық және синтаксистік өлшемдерінің жа­
қындасуының нәтижесінде «логика-стилистикалық қателер»
деген ұғым қалыптасты. Сондай-ақ, бүгінде ғылыми және
практ­ икалық пән болып саналатын редакциялау теориясында
«логикалық мәдениет» ұғымы да жиі қолданылады [69, 42]. Ол
редакторлардың логиканың негізгі теориялық ережелерін біл­ уін,
осы ғылымның ғылыми терминологиясын меңгеруін, дұрыс
ойлау дағдыларын саналы, мақсатты қалыптастыруын, мәтінді
қабылдау мен оны логикалық қырынан бағалаудағы кәсіби
дағдыларын, баяндаудың логикалық құрылымына негізделген
ерекше тәсілдерін меңгеруін қамтиды.

    Мәтінді логикалық талдау әдеби шығармамен жұмыс жа­
саудың барлық кезеңіне қажет, сондай-ақ, ол авторға, сыншыға,
редакторға да қажет. Әдетте, логикалық тұрғыдан дұрыс
құрылған сөйлемді түсіну оңай, ал логикалық талап сақталмаған
жағдайда мәтін мағынасын түсіну едәуір қиындық тудырады.
Мәт­ інге логикалық талдау жасау да басқа талдаулар сияқты екі
операцияға негізделген: оны ойдағы бөліктерге бөлуге және
мәтіннің осы бөліктердің, мағыналық бірліктерінің арасындағы
байланысты зерттеуге [69, 43].

    Жалпы қазіргі тілдік қолданыста кездесетін логикалық
қателерді төмендегіше топтастыруға болады:

    1. Баяндау тәсілін шатастырып алу. Мәселен, бір стильде
екінші бір стильдің элементтерін орынсыз қолдану.

    2. Өзара қайшы келетін түсініктерді мақұлдау. Мысалы:

Әкеңмен тумалас Қоңырбай деген нағашың бар (газеттен).

           198

⇐ МАЗМҰНЫ
   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203