Page 13 - index
P. 13

Тілде сөйлеуге тән көптеген стилистикалық қасиеттер «бе­
рілген». «Сөйлеудің функционалды-стилистикалық бояуы тілдің
функционалды-стилистикалық бояуының элементі ретінде, бей-
тарап элементтердің контексте де, жеке де ерекше тірк­ есімділігі
ретінде қолданылу нәтижесінде туындайды» [7, 8].

    Сонымен функционалды стильдердің тілдік-сөйлеу табиға­
ты болады: оларда тілдің дайын стилистикалық бейімделген
құралдары ғана қолданылмайды, сонымен қатар өзінің сөйлеу
жүйелілігімен стильдік бояуы қалыптасады. Алайда, ғылыми
және оқу-әдістемелік еңбектерде «тіл стилі» мен «сөйлеу стилі»
терминдері кең қолданылып жүргендіктен, біз де оларды: бі­
ріншіден, қажеттілікке қарай функционалды стильдердің не­
гізгі құралдарының өзіндік құрылымдық-тілдік табиғатын атап
көрсету үшін; екіншіден, қажет болғанда оның өзіндік сөйлеу
заңдылығы мен ерекшеліктерін көрсету үшін қолданамыз.

1.2 Стилистиканың негізгі ұғымдары мен
                  категориялары

    Стилистика – тіл білімінің тілдік тәсілдер жүйесін синхрон­
дық және диахрондық жағдайда зерттейтін тіл ғылымының са-
ласы. Стилистиканың қарастыратын мәселелері әртүрлі деңгей-­­
дегі тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктері, олардың
сти­листикалық мәні мен бояулары, сондай-ақ қарым-қатынас-
тың сан алуан аялары (сфера) мен жағдайларындағы сөздердің
қолданылу заңдылықтары, әр аяға байланысты қолданыс тілін
пайдалану, ең бастысы – тілдің қолданылуының коммуникатив-
тік заңдылығы мәселелері болып табылады [8,370].

    Стилистиканың ғылым ретінде өзіндік ұғымдар жүйесі бар.
Кейбір ұғымдар мен категориялар негізгі, басты болып табы-
лады, ал кейбірі – солардан тарайды, үшіншісі жеке сипатта
болады.

    Стилистиканың негізгі ұғымдары: 1) тілдің стилистикалық
құрылымы; 2) стиль (функционалды стиль); 3) стилистикалық
бояу; 4) стильдік сипат (стилевая черта); 5) синонимия, тілдік
құралдардың арақатыстылығы мен вариативтілігі; 6) стилис­
тикалық норма және оның функционалды-стильдік түрлері [2, 16].

           13

⇐ МАЗМҰНЫ
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18