Page 101 - indexf
P. 101

Тағы бір жүзбелі, өздігінен жүзетін бұрғылау қондырғысы кез келген теңіз
тереңдігінде жұмыс істей алады және тасымалдау кезінде салыстырмалы түрде
үлкен жылдамдық көрсетеді.

     Плотформа бұрғылау мұнарасымен және екі өте үлкен орталық пантонмен
жалғастырылған.

     Барлық пантондар үш бір-бірімен перпендикуляр орналасқан винттермен
жабдықталған. Тасымалдау кезінде барлық алты пантон көлденең күйде болып,
плотформаны аз ғана суға батырып ұстап тұрады және қозғалысқа қарсылық
тудырады. Пантондарды сумен толтыру арқылы қондырғыны вертикль
және қиғаш бұруға болады. Терең суды бұрғылағанда ортанғы пантондарды
вертикальға келтіреді. Ал терең емес суларда вертикаль түрге тек қысқа пан-
тондар келтіріледі; ортанғы пантондар гаризонтқа аз бұрыш жасай бұрылады.
Бұрғы колонасымен теңіз бағытындағы құбырлар вертикаль тұрған пантондар
саңылауларынан өтеді.

     Қозғалмалы теңіз бұрғылау қондырғысының корпусы вертикаль симметрия-
лы орналасқан колоналар және су өтпейтін қоршауларға бөлінген жалғаушы га-
ризонтальды элементтерден тұрады.

     Қондырғыны жұмыс күйіне келтіргенде бөлекжайдың жартысы сумен
толтырылады, бөлекжайдың, сыртқы жағы бұзылған кезде қондырғының
жүзгіштігі мен орнықтылығы өзгермейді. Қондырғының формасы квадраттар,
шеңбер сияқты болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде симметриялы болу керек.
Корпустың колоналарының үстіңгі диаметрі астыңғысынан кіші болып келеді
(мысалы; үстіңгісі – 7,3 м, астыңғысы – 12,2 м).

     Қондырғының жұмыс істеп тұрған кезінде калонаның өткелдері су
деңгейінен жоғары болып тұрады. Диаметрі кішкентай колонаға толқын күші
әсер еткен кезде қондырғының тербеліс периоды өзгеріп, резонанс сақталуын
қиындатады. Көрсетілген өлшемдер мен калоналарды 5-пен ауытқумен жұмыс
жасатқызғанда тербеліс периоды 17 с-тан 32 с-қа дейін өзгереді. Тұрақтандыру
жүйесі корпустың ішінен немесе сырттай өте алатын қуыс вертикаль колоналар-
дан және байланыстырғыш құбырлардан тұрады. Жүйе айдау кезінде бірінші
колоналардан екінші колонаға оңай астыңғы құбырмен өтіп, қайтарда үстіңгі
құбырлармен өтетін сұйықтармен жартылай толтырылып тұрады. Ішкі құбырлар
корпустың көлденең элементтерінің ішінде орналасады. Тұрақтандырғыш
колоналардың биіктігі – 21,3 м, диаметрі – 2 м, центрлерінің ара қашықтығы
61м, қосып тұратын құбырлар диаметрі – 1200 мм. Резонанс толқынның
тербеліс периоды мен кеменікі теңескенде байқалады. Орын ауыстыруы толқын
қозғалысынан фазасы бойынша 90 градусқа қалып келеді. Егер тұрақтандырғыш
жүйесінің ішіндегі сұық массасы қондырғының ауытқуынан резонансқа түссе,
онда сұйық қозғалысы фазасы бойынша тағы 90 градусқа қалып, теңіз толқыны
қозғалысына қарсы болады. Осылайша тұрақтандырғыш жүйесіндегі сұйықтық
қозғалысы қондырғының тербелісін азайтады немесе демпфирлейді. Кеменің
және тұрақтандырғыш жүйесіндегі сұйықтықтың тербелістерінің тең болуы ко-

         101

МАЗМ¦НЫ
   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106