Page 16 - indexf
P. 16

Қазіргі кезде теңіз қайраңында мұнай өндіру құрлықта мұнай өндіру дина-
микасынан бес есе артық (1.1-кесте).

                                                                 1.1-кесте

         Әлем балансында теңіз қайраңында мұнай өндіру

Өндіру   1960 ж. 1970 ж. 1976 ж. 1980 ж. 1985 ж. 1995 ж. 2005 ж   2020 ж
бөлігі                                                           (болжам)

   %     8 16 16,5 22,9 30 28 40                                 65
млн. т.  - 373 469 683 750 700 1000 *

     Мұнай мен газдың басты ресурстары, сонымен қатар Атлант және Үнді
мұхиттарында да орналасқан. ХХ ғасырдың 70 жылдарының басында теңіз
және мұхит қайраңында мұнай мен газды өндірумен 21 мемлекет айналысып,
геофизикалық және бұрғылау жұмыстарын 46 мемлекет жүзеге асырса, 5 ел
оған дайындалған. 80-жылдардың басында континенталды қайраңды меңгеруге
100 ел қатысып, оның ішінде теңіз мұнай-газ кен орындарын меңгеруді 37 ел
жүргізген. Теңіз кен орындарын іздеу-барлау және оларды игерумен 90-шы жыл-
дарда 136 компания және 118 мемлекеттің фирмалары айналысты. Осы жылда-
ры Әлем мұхитының континенталды қайраңында мұнай-газ өндіру жылына 900
млн. т., (1 тонна мұнайға 1200 м3 газ тең келеді). Ол әлемдегі мұнай-газ қорын
өндірудің 35% құрайды.

     Қазіргі уақытта теңіз қайраңда көмірсутектер ресурстарын меңгеру
жұмыстарын 120-дан астам мемлекет жүргізуде. Теңіз қайраңында 2000 мұнай
және газ кен орындары ашылған. (1.2-сурет)

1.2-сурет. Әлемде мұнай және газ теңіз қайраңы кен орнындары (Ресейсіз)
   1 – ұңғымалардың аз санымен өндіру; 2 – кәсіптік өндіру аймақтары;
                3 – өндірудің келешегі зор аймақтары (аудандары)

                  16

         МАЗМ¦НЫ
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21