Page 140 - indexf
P. 140

7.4 Бұрғы тізбегі және оның атқаратын міндеті

     7.4.1 Бұрғы тізбегінің элементтері

     Мынадай элементттерден тұрады: 1) АБҚ, 2) бұрғылау құбырлары, 3)
құлыптар және аудармалар, 4) жетекші құбыр (квадрат). Бұрғы тізбегі мына-
дай міндеттерді атқарады: 1) қашауларға айналу моментін береді, 2) қашауды
ұңғымалар түбіне түсіріп көтереді, 3) ұңғыма түбіне сұйықты жеткізеді, егер
турбобұрғы болса, оған сұйық жеткізіп әрекетке келтіреді, 4) әртүрлі апатты жоя-
тын аспаптарды түсіріп көтереді және жөндеу жұмыстарын атқаруға қатысады.
Оның элементтері мынадай тәртіппен жалғанады: жетекші құбыр жоғары аудар-
ма арқылы ұршықпен жалғанады, ал, төменгі ұшымен төменгі немесе қорғау,
сақтандыру аудармалар арқылы бұрғылау құбырмен жалғанады. Бұрғылау
құбырлары бір-бірімен құлыптар арқылы қосылған тізбектердің ең соңында
ауырлама бұрғылау құбырлары (АБҚ) болады. Жұмыс үдерісінде тізбектердің
мынадай кернеулер пайда болады: 1) өз салмағы әсерінен созылу кернеуі; 2)
қашауға берілген салмақтың әсерінен төменгі ұшында қысылу кернеуі; 3) айна-
лу кезінде жанама және иілу кернеулері; 4) қашау тістері бір қалыптан екінші
қалыпқа өткенде тіке және көлбеу вибрациялар.

Мұндағы:		 G – бұрғылау тізбегінің салмағы;
     			 rб – бұрғылау сұйығының тығыздығы;
     			 rм – метал тығыздығы;
     			 d – құбырдың ішкі диаметрі;
     			 s1 – жүктеменің мәні, қашауға берілетін салмақ;
     			 t – жанама кернеуі.

     7.4.2 Бұрғылау құбырлары

     Болаттан жасалған бұрғылау құбырларының мынадай түрлері болады: шет
жақтары ішке қарай қалыңдатылған және құлыпты бұранда арқылы жалған
құбырлар, Шет жақтары сыртқа қарай қалыңдаған және құлып бұранда арқылы
жалғанған құбыр. Конструкциясы осы екеуіне ұқсаған, бірақ құлыптары
профилі трапециялы болған бұрандалармен жалғанған тұрақтандырғыш белбеуі
бар құбырлар. Шет жақтары ішке және сыртқа қарай қалыңдатылған, бірақ
құлыптары бір-біріне пісіріліп жалғанған құбырлар.

         140

МАЗМ¦НЫ
   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145