Page 162 - indexf
P. 162

топсасының синхронды өзгеруін қамтамасыз етпейді. Құбырлар және керн
тасбаған қабылдағышты жыныстарға шығыр көмегімен батырады, сонымен
қатар шегенделген тізбекті бас жағынан жабдықтармен соғу арқылы батыра-
ды, ол тұтас штангалі бағытталған, тізбек ішінде сырғанап бара жатқан жүк
тәріздес. Батырылғаннан кейін тізбектегі әрбір 1-2 м сайын соғу жабдықтарын
шешіп отырады және әр сапар сайын 0,2-0,5 м-ден кейін ұрмалы стаканның
көмегімен тасбаған таңдап отырады. Содан кейін палубадан бірнеше метр
жоғары орналасқан құрылғыға қайтадан ұрмалы жабдық орнатады, жүзбелі
бұрғылау қондырғыларында игеру шартында ол қиын және қауіпті келеді.

      Арқанда ілініп тұрған ұрмалы жабдықтың тербелу қаупі болғандықтан
оның салмағы 600 кг-мен шектеледі және ол жыныстарға батырылған шегендел-
ген тізбектің ұзындығы мен диаметріне тәуелсіз болады. Жабдық салмағының
кемшілігі жыныстарға диаметрі 0,168/0,188 м, ұзындығы 20 м-ден артық
құбырлардың қолайлы батуына мүмкіндік бермейді.

          7.11-сурет. Теңіздегі ұрмалы бұрғылаудың ұстанымды сұлбасы:
      а – дәстүрлі; б – А. П. Пронкин авторлығымен құрастырылған сұлба;
1 – соққылау снаряды; 2 – бас жағы; 3 – жалғастырғыш; 4 – шегендеу құбыры;
       5 – башмақ; 6 – керн тасбаған қабылдағыш; 7 – соққылау штангасы

     Сол уақытта теңізде бұрғылағанда су қабатын жабу үшін диаметрі 0,325/0,351
құбырлар қолданылады, олардың ұзындығы 200-300 м-ге дейін жетеді, олар бір
уақытта шегенделген түрде қолданылады және жынысқа батырылуды қажет
етеді.

     •	 Батырылған тізбектегі соққы энергиясының төмендеуі маңызды мәселе
          болып табылады. Теңізде бойлық серпімді тізбектің жоғалтуларына

         162

МАЗМ¦НЫ
   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167