Page 164 - indexf
P. 164

түріне, оның құрылысының күрделілігіне, қабаттағы көмірсутектердің көлеміне,
кеніштің орналасуына және де қоршаған ортаны қорғау жағынан берілетін
жағдайларға тәуелді.

     Бұрғылаудың басты мақсаты өнімді қабат болса да, одан жоғары орналасқан
қабаттардың дұрыс ашылуы да маңыздылығы жағынан төмен емес. Көптеген
бұрғылау уақытындағы қиындықтар сол қабаттардан жиі кездеседі.

     7.11.1 Бұрғылау қондырғылары

     Әлемнің әр түкпіріндегі теңіздегі бұрғылау жағдайларына сай болу үшін
бұрғылау қондырғыларымен олардың түрлері әрқашан жаңартылып отырады.
Қазіргі уақытта қолданылатын бұрғылау қондырғыларының негізгі түрлері
келесідей:

     	Құрлықтағы бұрғылау қондырғысы
     	Теңіз тұрақты платформаларындағы бұрғылау қондырғылары
     	Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары
     	Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары
     	Бұрғылау кемелері
     	Бұрғылау баржалары
     	Көмекші кемелер
     Құрлықтағы бұрғылау қондырғылары құрлықта және теңіздегі жасанды
аралдарда ұңғыманы бұрғылау үшін қолданылады.
     Теңіздегі тұрақты платформаларындағы бұрғылау қондырғылары жал-
пы пайдалану ұңғыларын бұрғылау үшін және өндіру ұңғыларында арнайы
жұмыстарды жүргізу үшін қолданылады. Бір платформадан бұрғыланатын
ұңғылардың жалпы саны ұңғылардың өнімділігіне, қабаттың фильтрациялық-
сыйымдылық қасиеттерімен кеніштің өлшемдеріне байланысты. Жалпы жағдай
бойынша ұңғы саны 40-50-ден аспайды. Көбінесе бұрғылау мұнарасы платфор-
мада орналасады және керек уақытында демонтаждалып, ұңғы жұмыстарын
жүргізу үшін арнайы құрылғымен алмастырылуы да мүмкін.
     Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғысы өздігінен жүзбелі кон-
струкцияны құрайды. Оны пайдалану мерзімі, түрімен қондырғының специфи-
кациясына байланысты тереңдігі 60-тан 2500 метрге дейін баратын ұңғыларды
бұрғылауда қолданады. Ол еспелі винттер арқылы буксирленіп бір жерден басқа
жерге орын ауыстыра алады. Көптеген жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғылар бір орында бұрғылауды тұрақты жүргізуі үшін айналасынан
шынжырлармен немесе арқандармен қатайтылады. Кейбір жаңа қондырғылар
бұрғылау кезіндегі нақты орынды қамтамасыз ету үшін, қозғалтқышпен және
тура навигациямен негізделген динамикалық позициондау тұрақтандыру
жүйесімен жабдықталады. Динамикалық позициондау тұрақтандыру жүйелерін
зәкірмен отырғызғанда көп уақытты және мол шығынды алып келтіретін терең
ұңғымаларды бұрғылауда қолданған жөн.

         164

МАЗМ¦НЫ
   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169