Page 161 - indexf
P. 161

айналу жиілігін 0-50 және 82-118 айн/мин және айналу моменті 5,20; 3,25; 2,25
кН·м шегінде қамтамасыз етеді. Бұл тәжірибелі сынаманы тәжірибеден өткізу
кезінде бірқатар конструктивті кемшіліктер табылды. Оларды ескере отырып,
станоктың жаңа түрі жасалды, онда бұранданың түйіндерінің компоновкасы
өзгертіліп, жылдамдықтар қорабы алынып тасталды, алайда бірсатылы редук-
тор екісатылыға ауыстырылып, зажимді патрондардың конструкциясы қайта
жасалып, орны ауыстырылды. Тұрақтандырушы құрылғысында екі каретка
да орналастырылып, көлденең штанга тұраққа шығарылды, ілу жүйесіндегі
тростар берік траверспен ауыстырылды. Бұның бәрі станок конструкциясын
қарапайымдап, оның беріктігін күшейтіп, салмағын 500 кг-нан көп азайтып, ай-
налу моментін 5,8кН*м-ге дейін жоғарылатты. Алайда бұл бұранда да өте үлкен,
ал оның тұрақтандырушы құрылғысы ыңғайсыз және жұмыста сенімсіз болып
шықты. Осындай бұранда орнатылған шегендеу құбыры ұңғыманы бұрғылау,
жуумен бұрғылау кезінде тұрақсыз. Ал құрғақ бұрғылаудың тиімділігі төмен әрі
үлкен қуатты қозғалтқышты қолдануды қажет етеді.

     Айналмалы шегендеу құбырларында орнатылатын бұрандалардың ортақ
кемшілігі – әр рейс кезінде бұранданы жұмыс жағдайына келтіріп, ұңғымадан
алынатын шегендеу құбырларының резьбалы байланыстары айналмалы
бұрғылау кезінде қатты тартылатындықтан, оларды босатуға кететін уақыт пен
еңбек шығынының көп болуы.

          7.10 Теңізде ұңғымаларды бұрғылаудың ерекшеліктері мен
                                      қиыншылықтары

     Құрлықта геологиялық барлау мақсаттарын іске асыруда қолданылатын
бұрғылау әдістерінің тиімділігі теңізде төмен болады.

     Ол мына төмендегі себептерге:
     •	 жүзбелі бұрғылау қондырғысының тербелуімен тұрақтылығына;
     •	 қоршаған ортаны ластамау талабына;
     •	 жуу ерітінділерінің циркуляция жасауына, ортаның жабдық

          қиыншылығына;
     •	 ұңғыманың сағасының түбінде орналасқанынан бұрғылаушының

          көрінбеу қиындығына;
     •	 бұрғылау жабдықтары мен аспаптардың белсенді ортада жұмыс істеуіне

          байланысты тез тозуына;
     •	 бұрғылаудың әдістеріне және схемасының ерекшеліктеріне және т.б.

          байланысты.
     Соқпалы-ұрмалы бұрғылау
     Соқпалы-ұрмалы бұрғылаудың әдеттегі сұлбасы ауыр және адам өміріне
қауіпті операцияларды орындауды талап етеді.
     Ұрмалы станок бүктемелі-шатунды механизмді бұрғылайтын жүзбелі
құрылғыларда қолданбайды, себебі олар құрылғы шайқалғанда жабдықтар

         161

МАЗМ¦НЫ
   156   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166