Page 163 - indexf
P. 163

оның тарамдалған серпімді жоғалтулары қосылады, ол шеген мен су
          арасындағы интервалда майысудан қорғалмаған. Теңізде бұрғылағанда
          жеке құбыр тізбектерінің ұзындығы 2 м-ден аспайды, өйткені олар
          көлемді (қабырға қалыңдығы 0,008 м жоғары), ПБУ жағдайында үлкен
          диаметрлі үшбұрышты бұрандалы және 20-тан кем емес бұрышы бар
          құбырларды ұзарту қиын. Сондықтан ұзын тізтектегі соққылардың
          энергия жоғалтуы, мысалы ұзындығы 100 м жалғаушысы 50 м, 90%
          жынысқа шегенделген тізбекті құбырды түсіргенде тасбағанның бөлігі
          түпте сығылады, тізбектегі судың және өзіндік қасиеттің шығуынан
          гидродинамикалық әсер етеді, ол тізбекке түскен жыныстарды сол се-
          бептен тығыздайды;
     •	 тасбаған қабылдағыш ұрылады және тізбекке түскен жыныс
          қабырғаларын қосымша ұңғыма түбіне тығыздайды;
     •	 әрбір тасбаған қабылдағыш сапарынан кейін тізбек қабырғасында
          тығыздалған жыныстар сақинасы пайда болады, олар келесі сапарларда,
          ұрмалы штангімен жұмыс істегенде сумен араласады және ұңғымадан
          тасбаған қабылдағышты шығарғанда онымен бірге сыртқа алынады.
     Ұрғыламалы бұрғылауда, сондай-ақ тау жыныстарында жұмыртастар мен
дөңбектастар бар болған жағдайда қиындықтар туындайды. Осы жерде тізбек
батырылғанда, оған түскен жұмыр тастар мен дөңбектастар жарылады және
оның барлық қимасына жайылады. Оларға келесіде тасбағанды батыру қиынға
соғады, өйткені жұмыртастар мен дөңбектастар тасбаған қабылдағышқа
өлшемдері сәйкес келмегендіктен кірмейді. Жұмыртастар мен дөңбектастарды
тасбаған қабылдағышпен шетке ысыру тізбек қабырғасымен шектелген.
     Су асты ағысы үшін, жүзбелі бұрғылау қондырғысы қалқымасы, ұрмалы
зеңбіректердің орналасуы және теңіз түбінен алыс арақашықтықтағы тізбек
механизмін жыныстарға тіке батыруды қамтамасыз ету қиын болып табылады.

       7.11 Теңіздегі ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын инженерлік
                                        қамтамасыз ету

     Ұңғыларды бұрғылаудың басты мақсаты – бір немесе бірнеше қабаттарды
жер бетімен қосатын каналды жасау. Бұл каналды кен орнының барлау кезіндегі
қорын есептеу үшін және игеру кезіндегі көмірсутектерді жер бетіне шығару үшін
қолданады. Кен орнындағы ұңғыны барлап, керекті мәліметтер жиналған соң,
ұңғы саңылаусыздандырылуы мүмкін. Бағалауға арналған ұңғыларды кейін пай-
далану ұңғылары ретінде қолдану мақсатында уақытша саңылаусыздандыруға
да болады.

     Кенішті бұрғылау кезеңінде өндіру, су мен газ айдайтын, бақылау ұңғылары
бұрғыланады. Сонымен қатар өндіру уақытында кеніштен келетін сулармен
өндірістік қалдықтарды қайта өнімсіз қабаттарға айдау үшін қолданылатын
ұңғылар да бұрғыланады. Бұрғыланатын ұңғылардың саны мен түрі кеніштің

         163

МАЗМ¦НЫ
   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168