Page 185 - indexf
P. 185

үлкен тереңдіктерінде суүсті платформалы ЖБҚ (БК, ЖБ ЖБҚ) ауытқу салдары-
нан бұрғылау, субөлгіш бағаналарға тік және көлденең күштер түсіруге болады.

     Арнайы платформаға сағалық жабдықты тірексіз суүсті орналастыру-
да субөлгіш бағана ЖБҚ-на дейін жеткізіледі және бұрғылау стационарлы
теңіздік қондырғылардағыдай жүреді. Бұрғылау аяқталғаннан кейін ұңғыма
жабылады, ал субөлгіш бағана арнайы қамал көмегімен түптен ЖБҚ борты-
на көтеріледі. Егер ұңғыма өнімді болса, ол арнайы превенторлар көмегімен
теңізден оқшауланады, ал субөлгіш бағананың жоғарғы бөлігі ажыратылады.

     Ұңғыманы осылай орналастыру су бетінен суасты сағалық жабдығынсыз
ұңғыманы қарапайым жүргізуге мүмкіндік береді. Одан басқа, ерекше зәкірленген
алаңдар көмегімен ұңғыманың төмендегідей суасты пайдалану мүмкіндігі бар.

8.5-сурет. Сағалық жабдықтың алаңға тірексіз суүсті орналастырылуы:

      1 – зәкір, 2 – субөлгіш колонна, 3 – керілмелі су бөшкесі; 4 – жеке-
       ленген қосылыс, 5 – бағананың ажыратылатын бөлігі; 6 – дис-

                  танционды превентор; 7 – байытты созынды

     Суасты орналасу ұңғыманы бұрғылау мен аяқтауға және тиімді сүңгуірлі
тиеу (су бетінен 15-30 м төмен тереңдікте) шегінде суасты сағалық жабдықты
орнатуға мүмкіндік береді. Суүсті жүйесімен салыстырғанда, бұл әдіс толқындық
жүктеменің төмендеуі мен конструкция өлшемдерінің қысқаруы арқасында
әлдеқайда үнемді. Суасты жабдығын қамтамасыз ету мен жөндеу донналы сағасы
бар жабдықты қамтамасыз ету мен жөндеуге қарағанда қымбатырақ болады.

     8.2.3 Суасты саға жабдықтырының қызметі

     Тәжірибеде ұңғымаларды ЖБҚ (БК, ЖБ ЖБҚ) бұрғылауда теңіз түбіне ор-
натылатын суасты сағалық жабдығының (САСЖ) кешендері көп қолданылады.
Мұндай орналасу жүзбе құралдарының ұңғыма орталығынан аз ығысуына
мүмкіндік береді, ал теңіз түбіне орнатылған жабдық механикалық зақымдануларға
аз ұшырайды.

         185

МАЗМ¦НЫ
   180   181   182   183   184   185   186   187   188   189   190