Page 26 - indexf
P. 26

талап етеді. Мұнай кәсіптік құрылыстың негіздерін жобалағанда жұмыс
орнындағы топыраққа, су түбіне және зертханалық жағдайларға, толық және са-
палы инженерлік-геологиялық іздеулердің жүргізілуіне ерекше көңіл бөлінеді.
Алынған мәліметтердің сенімділігі мен толықтылығы құрылысты қауіпсіз
жүргізудің және жобаның айтарлықтай тиімділігін пайдалануды анықтайды.
Арктикалық теңіз акваторияларында ең үлкен қиыншылықтар туғызатын мұздар
мен теңіз тереңдіктері. Желдің бағыты мен күшіне, теңіз тереңдігі мен теңіздік
ағыстарға, жер рельефі мен мұздың қасиеттеріне байланысты мұздық жағдай
үзіліссіз өзгереді және оны болжау қиын.

     Теңіз мұнай-газ кен орындарын барлау және игеру – техникалық жағынан өте
күрделі және қымбат бағаланатын үдерістер. Меңгеру кезінде негізгі мәселелер
– осы жұмыстарды өндіру технологиясы мен техникасы болып табылады.

     Теңіз кеніштерін барлау және игеру әдетте екі кезеңде жүргізіледі:
  o	Бірінші кезеңде геологиялық-барлау жұмыстары мұзаралық маусымда

      жүргізіледі және бұл жағдайда қоңыржай аймақтарда жұмыс жасай алатын
      техника қолданылуы тиіс.
  o	Екінші кезеңде, кеніштерді игеру кезінде, яғни мұнай мен газды өндіру,
      дайындау және тасымалдау, өндірістік циклдің үзіліссіз жыл бойына
      жүргізілуі, оның ішінде қыста (теңіз беті мұзбен жабылған кезде),
      бірегей әрі сенімді техника қажет, оның техникалық және технологиялық
      параметрлері мен конструктивтік шешімдері, жоғары сенімділігі, ұзақ
      мерзімді жұмыс жасауы, әр ауданда жүргізілетін жұмыстар қауіпсіздігін
      сақтау талаптарынан туындайды.
     Құрылымдарды дұрыс орнату мәселесінің дұрыс шешімінің негізгі шарты
– қоршаған орта туралы толық және сапалы мәлімет алу. Космостық бақылау
құрылғылардың тез дамуына байланысты келешекте ақпараттың өсу мерзімі
азаюы мүмкін.
     Мұнай-газ кен орындарын меңгеруде гидрометеорологиялық жағдайларды
мұқият зерттеу өте қажет. Өйткені гидротехникалық құрылымдар қорғалмаған
акваторияларда аса қиын ауа райында құрылып, пайдаланады. Қоршаған орта
жағдайында құрылымдар жұмыстың сенімділігін кен орынды толық пайдалану
мерзімінде қамтамасыз ету қажет (25-30 жыл).
     Теңізде мұнай кәсіптік құрылымдарды жобалау кезеңінде кен орнының
алаңына гидротехникалық құрылымдарды орналастыру орындары мен сұлбасын
анықтау үшін үлкен көлемде мәліметтер қажет. Осыларға келесі мәліметтер жа-
тады:
  	толқындардың ең үлкен биіктігі және оларға сәйкес кезеңі;
  	жел мен ағымдар жылдамдығының ең үлкен мәндері.
  	ағымның келулерін ескере отырып су деңгейінің өзгерулері;
  	мұз жағдайлары;
  	толқындардың биіктіктерінің, кезеңдерінің және параметрлерінің режимді
      таралуы;

         26

МАЗМ¦НЫ
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31