Page 319 - indexf
P. 319

Екі жағдайда да МБАӘ қолданылуының объектісі экономикалық тиімді
игерілуі мүмкін мұнай қорлары болады. Бұл МБАӘ көмегімен өндірілетін
мұнай көлемінің белгілі бір шарттарға тәуелді болатынын білдіреді. Бұл шарт-
тар экономикалық, саяси жағдай, технология деңгейі, т.б. және өндірілетін
мұнайдың мөлшері алғашқы геологиялық мұнай шоғырындай өзгеріссіз бол-
майды.

     12.8 Кен орындағы ұңғымаларды орналастыру және ұңғымаларды
                        перфорациялау интервалдарын таңдау

     Мұнай кен орнын игерудің ең жақсы нұсқасы ол қысқа мерзімде, минимал-
ды ұңғылар санын пайдаланып, мұнайды максималды көлемде алуға мүмкіндік
беретін нұсқа екендігі түсінікті. Өндірудің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу
үшін ұңғымаларды шоғыр ауданында оптималды орналастыру айтарлықтай
күрделі мәселе.

     Мәселенің шешімінің қиындауының себебі, ұңғымалардың оптималды
саны, өзара орналасуы және аяқталу сипаты:

     •	 шоғыр түріне (мұнайлы, газды, газды телпегі бар мұнайлы және т.б.);
     •	 қабаттағы мұнай және газдың қорына;
     •	 қабаттың және оны қанықтырып тұрған сұйық пен газдың қасиетіне;
     •	 шоғырдың орналасуына (құрлық, қайраң, тереңсулы қайраң);
     •	 саяси және экономикалық жағдайына байланысты әртүрлі болады.
     Берілген мәселенің шешімі ұңғымалардың жалпы санына, олардың түріне
(өндіру, айдау, бақылау және т.б.), аудан бойынша өзара орналасуына және
қолданылған мұнай өндіру әдісіне байланысты болады.

           12.10-сурет. Газ шоғырын игеру кезінде аудан
                бойынша ұңғымаларды орналастыру:

а – белгіленген газ шоғыры. Игеру әдісі – газды телпек режимі;
  б – табан суымен шектелген газ шоғыры. Игеру әдісі – газ-
        ды телпек режимі мен суарынды режимнің бірігуі

         319

МАЗМ¦НЫ
   314   315   316   317   318   319   320   321   322   323   324