Page 318 - indexf
P. 318

Мұнай бергіштікті арттыру әдістерінің өзіне тән сипаттамаларына қабатқа
агенттерді айдау, тәжірибелік-өндірістік жұмыстарды жүргізу қажеттілігі жата-
ды.

     Мұнай бергіштікті арттыру әдістеріне (МБАӘ):
     •	 үзілісті немесе кезекті су және газ айдау;
     •	 физикалық-химиялық МБАӘ (полимер, БАЗ, көбік, гельдер айдау);
     •	 көмірсутекті газдардан айырылған газдарда айдау (көмірқышқыл газы,

          азот, түтінді газдар, т.б.);
     •	 мұнайбергіштікті арттырудың микробиологиялық әдістері;
     •	 мұнай бергіштікті артырудың термиялық әдістері сияқты мұнайды иге-

          ру технолгиялары кіреді.
     Соңғы екі он жылдықта МБАӘ терминіне қосымша жетілдірілген мұнай
бергіштік әдісі қолданыла бастады. Бұл барлық эффективті мұнайды игеру
әдістері мен технологияларын біріктіреді. Норвегиялық мұнай директорының
анықтамасына сай: жетілдірілген мұнай бергіштік әдісі термині құрамына
әдеттегі мұнай игеру технологияларына қарағанда, мұнайды айтарлықтай көп
мөлшерде алу қабілеті болатын барлық әдістер кіреді.
     Мысалы, жоғары мұнайбергіштікке қол жеткізу дәстүрлі өндіру технология-
ларын, шоғырды өндіруді сапалы бақылау мен басқаруды және шығындарды
азайтумен қатар жетілдірілген мұнай бергіштікті арттыру әдістерін қолдану
арқылы мүмкін болады.
     Әдетте, қолданылатын жетілдірілген мұнай бергіштікті арттыру әдістеріне:
     •	 су немесе газ айдау;
     •	 шоғырды қосымша бұрғылау;
     •	 жұқа қабатшалардан немесе өндірілмеген қалдық мұнайы бар қабат

          «қалталарын» игеру мақсатында көлденең ұңғымаларды бұрғылау;
     •	 қабаттың қашық жатқан бөліміндегі мұнайды игеру үшін аса терең

          ұңғымаларды бұрғылау (бұл технология әдетте қайраңды кен орын-
          дарды өндіруде немесе жаңа бұрғылау алаңын салу уақыт және қаржы
          жағынан тиімсіз болғанда қолданылады);
     •	 мұнайды, суды және газды жинау мен дайындау жүйесін жетілдіру;
     •	 өндіру ұңғымаларындағы сағалық қысымды азайту;
     •	 ұңғыманы аяқтаудың ең жақсы стратегиясын пайдалану сияқты техно-
          логиялар кіреді.
     МБАӘ анықтамасына сай, мұнайбергіштікті арттыру әдістерін қолданудың
объектісіне:
     •	 бірінші және екінші ретті әдістерді қолданғаннан кейін қабатта қалып
          қойған мұнай қорлары;
     •	 игерілуі қиын мұнай қорлары (ауыр және тұтқыр мұнай, өткізгіштігі
          төмен қабаттар, геологиялық құрылысы күрделі шоғырлар және т.б.)
          жатады.

         318

МАЗМ¦НЫ
   313   314   315   316   317   318   319   320   321   322   323