Page 320 - indexf
P. 320

Бұл мәселені шешуде, мамандардың төменде сипатталатын, көптеген
табиғи көмірсутек кен орындарын игеруде жинақталған стандартты ережелер
мен әдістемелері көмегін тигізуі мүмкін.

     Газды шоғыр
     Жабылған газ шоғыры (яғни, басқа коллектор тау жыныстардан оқшауланған)
жағдайында ұңғымаларды орналастырғанда біркелкі орналастыру жүйесін
таңдау керек. Бұл кезде перфорациялау интервалын таңдау өндіріс көрсеткішіне
айтарлықтай әсерін тигізбейді. (12.10 а-сурет).
     Газ шоғыры астында табан сулары болғанда перфорация интервалын
алғашқы ВНК орнынан мүмкіндігінше қиманың жоғарғы бөлігіне (12.10
б-сурет) алшақ орналастырған жөн.

     Мұнай шоғыры
     Табан сулы мұнай шоғырының жағдайында ұңғымаларды орналастырғанда
шоғыр формасын және су-мұнай байланысын ескеру қажет. Ұңғымаларды бұлай
орналастыруды жиі жағдайда батарейлік деп атайды. Батареялар және ондағы
ұңғымалар саны кен орын қорының көлеміне байланысты.
     Бұл кезде шоғырдың орта бөлігінде әдетте қималы (разрезающий) деп ата-
латын өндіру (немесе айдау) ұңғымалар қатарын орналастырған жөн (12.11-су-
рет).

                        12.11-сурет. Мұнай шоғырын игеру кезінде аудан
                               бойынша ұңғымаларды орналастыру:

             а – табан суымен шектелген мұнай шоғыры. Игеру әдісі – табиғи
                 суарынды режим; б – жабылған мұнай шоғыры. Игеру әдісі
                     – еріген газ және гравитациялық режимдердің бірігуі

     Жабық мұнай шоғыры қабатының құлау бұрышы жоғары болған жағдайда,
өндіру ұңғымалары құрылымның төменгі бөлімінде, үш немесе төртнүктелі

         320

МАЗМ¦НЫ
   315   316   317   318   319   320   321   322   323   324   325