Page 317 - indexf
P. 317

Ереже бойынша, табиғи көмірсутекті кен орындарды игеру бір уақытта
бірнеше фильтрациялық режиммен орындалады. Осыған сай игеру үдерісін
дұрыс сипаттау үшін және игерудің соңғы көрсеткіштерін бағалау мақсатында
бір немесе бірнеше негізгі филтрациялық режимдерді бөліп көрсету маңызды
болып табылады. 12.9-суретте қабат қысымының (р) және газ факторының
(ГФ) әртүрлі фильтрациялық режим кезінде қалай өзгеретіні көрсетілген.

     Игерудің жоғары көрсеткіштеріне жету мақсатында (жоғары экономикалық
эффективтігі, жоғары мұнайбергіштік, игеру мерзімінің қысқа болуы, т.б)
мұнайды игерудің екіншілік және үшіншілік әдістері қолданылады немесе олар-
ды басқаша атасақ мұнайбергіштікті арттыру әдістері (МАӘ). МАӘ қабатқа
жұмыстық агенттерді айдауға негізделген. Жұмыстық агенттер ретінде әртүрлі
активті заттар, мысалы, суды қоюландырғыш (полимер), беттік-активті зат-
тар (БАЗ) қосылған су, сонымен қатар ауа, көмірсутекті еріткіштер, қабаттық
газ және басқа агенттер пайдаланылады. Екіншілік және үшіншілік әдістердің
айырмашылығы олардың қолданылу уақыттарында: екіншілік әдісті игеру
басталғаннан немесе аз ғана уақыт өткеннен кейін қолданса, үшіншілік әдісті
мұнайдың айтарлықтай қоры алынып болғаннан кейін қолдану басталады.

     Екіншілік және үшіншілік игеру әдістері келесі мақсаттарға жетуді көздейді:
     •	 қабат қысымын ұстау. Қабатқа суды немесе газды жеткілікті мөлшерде

          айдағанда қабат қысымын жоғары көрсеткіште өндіруге қажет деңгейде
          ұстап тұруға болады (мысалы, қанығу қысымынан бірнеше есе жоғары
          деңгейде);
     •	 мұнайды ығыстырудың жоғары деңгейі. Қабатқа берілетін кейбір
          жұмысшы агенттер (еріткіштер, БАЗ және т.б.) қалдық мұнай
          қанығушылықтың төмендеуіне алып келеді, соның нәтижесінде
          мұнайды ығыстыру деңгейінің жоғарылауына негіз болады;
     •	 мұнайды ығыстыру үдерісімен қабаттың қамтылу деңгейін арттыру.
          Полимерлі ерітінді айдау, үзілісті су және газ айдау, көбік айдау, қабатқа
          жылу беру немесе қабат ішін жылумен генерациялау (қабат ішілік
          жану) сияқты технологиялардың қолданылу мақсаты қабатта фильтра-
          цияланатын мұнай және су немесе мұнай және газдың қозғалыстық
          қатынастарын жақсарту, соның нәтижесінде қабаттың ығысу үдерісімен
          қамтылуын жақсарту.
     Әдетте, өндіруде қолданылатын әдістер қабаттағы алғашқы мұнай қорының
45%-дан артығын өндіре алмайды. Осының нәтижесінде мұнайдың үлкен қоры
игерілмей қалады. Игерілмей қалған мұнай мөлшері кен орынның геологиялық
құрылысының күрделілігіне, оның орналасуына, оны өңдеу стратегиясына,
қолданылған өндіру әдістеріне байланысты болады.
     Өндіру әдістері мен технологияларының әртүрлі классификациялары және
көптеген анықтамалары бар.

         317

МАЗМ¦НЫ
   312   313   314   315   316   317   318   319   320   321   322